3 миллион теңге жүлдесі бар «TIL-QAZYNA PLAYGROUND» байқауы

Tilalem.kz

Tilalem.kz

18 маусым, 2024

 

«Тіл-Қазына» орталығы алғаш рет компьютерлік ойын әзірлеушілер арасында жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын хакатон жариялайды.

Хакатонның мақсаты – ойын арқылы қазақ тілін үйретудің тың идеяларын жинақтау, қоғамға қажетті қазақ тілінде компьютерлік ойын әзірлеу, сол арқылы мемлекеттік тілде сөйлеушілер санын арттыру, ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру.

Байқауға қатысу талаптары өте жеңіл. Көрсетілген сілтемедегі https://forms.gle/6YqewPBmmZdJxzDz8 ақпаратты толық толтырып берсеңіз, байқау қатысушы ретінде тіркеле аласыз. Байқауға қатысу үшін, міндетті түрде команда жасақталады. Команда құрамы кемі – 3, көбі – 5 адамды қамтуы тиіс.

Командалардың өтінімін қабылдау және тіркеу 2024 жылдың 18 маусым - 5 шілде аралығында жүргізіледі. Байқау 2 кезеңнен тұрады. 1-кезең – іріктеу, 2-кезең – жеңімпазды анықтау. Іріктеуден өткен командалар Астана Hub-та өтетін офлайн форматтағы 2-кезеңге шақырылып, қазылар алқасы алдында жұмыстарын қорғайды. Іріктелген командаға ойынның талаптарын толық орындау үшін 1 апта дайындалуға уақыт беріледі. 15 шілде 2-кезең өткізіледі.

Байқау жеңімпазына 3 000 000 теңге көлемінде сыйлық тағайындалады және Жобаны іске асыру бойынша Шарт жасалынады. Шартта көрсетілген техникалық талаптар бойынша ойынның мазмұндық құжатын толық аяқтау қажет. Қаржылай сыйлық Шарт негізінде төленеді.

Байқау нәтижесінде қатысушылар геймдизайн құжатын, компьютерлік ойын прототипі мен демо нұсқасын дайындауы қажет.  

«TIL-QAZYNA PLAYGROUND» хакатоны туралы өзекті ақпаратты @tilqazyna Іnstagram парақшасынан, сондай-ақ tilalemi.kz, tilmedia.kz сайттарынан біле аласыздар. Байқаудың толық ережесі келесі сілтемеде: https://docs.google.com/document/d/18E-SYq0MGVl5Qv15fhBJKNTgu1bsDsFt/edit?usp=sharing&ouid=102053735371895421039&rtpof=true&sd=true


Баға беріңіз