«Күлтегін» құлпытасындағы дауысты дыбыстардың емлесі
ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында Енисей өзенінің бойынан табылған көне ежелгі жазба ескерткіштер ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырды. Батыс елдері археологиялық топтар ұйымдастырып, тексеру, зерттеу үшін Моңғолияға жіберді. 1889 жылы орыс археологтары Орхон өзенінің бойынан «Күлтегін» және «Білге қаған» құлпытастарын тапты. Ғалымдар құлпытас атластарын шығарып, оқуға кірісті. 1893 жылы желтоқсанның 15-інде даниялық ғалымы В. Tомсон құлпытастың сырын ашқаны туралы бүкіл әлемге паш етті.
1894 жылы В. Радлов Орхон ескерткіштері «Die Alttürkschen Inschriften der Mongolei» («Моңғолиядағы көне түркі ескерткіші») атты еңбегінің бірінші томын, 1895 жылы екінші томын шығарды. 1896 жылы В. Tомсонның «Inscriptions de l’Orkhon déchiffrées» («Орхон ескерткіштерінің оқылуы») деп аталатын еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде Орхон руник жазуы мен жазу жүйесі мәтіннен мысал келтіріле отырылып сипатталса, екінші бөлімінде мәтіннің арғы көрінісі туралы сөз болады. Сонымен қатар автор Таң патшалығының билеушісі – Күлтегіннің қазасына жазылған арнаудың ағылшынша аудармасын да берген. В.Tомсонның бұл еңбегі өте сәтті болуына байланысты кейінгі түркітанушылар оны негізгі материал ретінде пайдаланып келеді. 1897 жылы В. Радлов «Die Alttürkschen Inschriften der Mongolei» («Моңғолиядағы көне түркі ескерткіші)» атты еңбегін қайта бастырып шығарады. 1899 жылы кітаптың екінші томы да қайта басылады. Бұл жолы құлпытастардың руник жазуымен жазылған нұсқасы, оның транскрипциясы, сондай-ақ «Тониқұқ» құлпытасының аудармасы беріледі. Түркия ғалымы Н. Оркұн 1936, 1938, 1940, 1941 жылдары жарық көрген «Eski Türk Yazıları («Көне түрік жазбалары») атты төрт томдық еңбегінде В. Tомсонның кітабын пайдаланған. 1941 жылы Германия ғалымы А.Вон Габайнның «Alttuerkische Grammatik» («Көне түркі тілінің грамматикасы») атты кітабы жарық көреді. Мұнда ғалым «Күлтегін» мәңгі тасын қайта транскрипциялағанмен, аудармасын бермеген.
1951 жылы Ресей зерттеушісі – С.Е. Малов «Памятники древнетюркской письменности («Көне түркі жазбалары») атты еңбегінде «Күлтегін», «Тониқұқ» ескерткіштерінің қайта қаралған нұсқасын береді. 1968 жылы түркиялық тіл маманы Талат Текин «A Grammar of Orkhun Turkic («Орхон түркі тілінің грамматикасы») атты докторлық диссертациясын Америкадан басып шығарады. Мұнда ғалым Орхон жазбаларын фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеп, нақты мысалдар келтіреді. Кітаптың соңында «Күлтегін», «Тониқұқ», «Білге қаған», «Өнгін», «Күли Чор» мәңгі тастарының латынша транскрипциясы мен олардың ағылшын тіліндегі аудармасы, Орхон ескерткіштерінің шағын сөздік кестесі берілген. 2004 жылы германдық түркітанушы – Марсел Ердалдың «A grammar of Old Turkic» («Көне түркі тілінің грамматикасы») атты еңбегі, 2005 жылы Жүңгө түркінатушысы – Гың Шымин мырзаның «古代突厥文碑铭研究» («Көне түркі тіліндегі құлпытастарды зерттеу»), 2010 жылы «古代突厥语语法» («Көне түркі тілі грамматикасы») атты зерттеу еңбектері жарық көрді.
Екінші Түркі қағанатына тән «Күлтегін» құлпытасы – руник жазуымен жазылған түркі тілі ескерткіші. Ескертіште 38 таңба бар. Мұндағы 8 дауысты дыбыс 4 таңбамен, 8 дауыссыз дыбыс сингармонизм заңдылығына сәйкес 16 таңбамен берілген. Жеке қолданылған q, k дыбыстарын білдіретін таңбалармен қатар oq, uq, qo, qu, q дыбыстарын таңбалайтын q, ök, ük, kö, kü, k-лерді таңбалайтын х белгісі, ïq, qï, q-ларды таңбалайтын Q белгісі бар. Бұдан тыс ny, nt, nč, nt сияқты қатар келген екі дауыссыз дыбыс бір таңбамен көрсетілген.
Төменде «Күлтегін» құлпытасындағы дауысты дыбыстардың емле ережесі мен ережеге бойсұнбай жазылған сөздер келтіріледі. Біріншіден, көне түркі тіліндегі 8 дауысты дыбыс 4 таңбамен, яғни a мен ä дыбысы A таңбасымен, ï мен i дыбысы I таңбасымен, o мен u дыбысы u таңбасымен, ö мен ü дыбысы Ü таңбасымен белгіленеді. Мысалы, alyit[1] (t2ïŋl1a)[2], ndub (b1od1un1), şkö (üküš), ksçe (ačs2ïq), isit (at1ïs2ï). Екіншіден, көне түркі тілінің емле ережесі бойынша, сөз басында немесе сөздің бірінші буынындағы дауыссыз дыбыстан кейін келген дауысты дыбыс a мен ä көп жағдайда жазылмайды. «Күлтегін» құлпытасындағы түбір сөз, туынды сөз не оларға жалғанған жалғау, жұрнақтарда сөздің соңында келген a, ä дыбысы түсірілмей жазылады да сөз басында не сөздің ортасындағы буындарда келген a, ä дыбысы түсіріліп жазылған. Мәселен, сөз басында келген a, ä дыбыстары таңбаланбайды: äd2güt2i[3] (жақсы), äs2id2- (есті-), anyγ (жаман), al1t1un (алтын), al1qïntïγ (құлшындық), ar1ïp (арық), aγïs2ï (нарсасы, бұйымы), ačs2ïq (аш), ad1aq (аяқ), al1p (батыр, қиын), äb2 (үй), äči (әке), äčü-apa (ата-баба) т. б. Сөздің ортасында келген a, ä да таңбаланбайды: qaγan1 (қаған), b1ar1s (барыс), t1at1ar1 (татар), qazγan1ïp (құлшынып), b1as1mas1ar1 (баспаса), s2ïmad1ïm (тыңдамадым), b2äŋgü (мәңгі), b2äd2izät2(t)im (безеттім, қашаттым), t2ükät2i (түгел), t2ämir2 (темір), y2ät2i (жеті) т.б. Яғни сөздің бірінші, екінші, үшініші буындарында келген a, ä дыбыстары таңбаланбаған.
Ал сөз соңында келген a, ä дыбыстары түсірілмей жазылған: y1azïqa (жазығына), t1oγs1ïqa (шығыста), b2ir2yä (оңтүстікке), äkin2 ar1a (екеу ара), b2ir2l2ä (бірге), kimkä (кімге), b2il2gä (білге), käčä (кешіп), b1ašïŋa (басына), b2it2igmä- (жазған-), t1ïŋl1a- (тыңда-) түрінде түбір сөз бен туынды сөзде немесе оларға жалғанған қосымшалардың соңында келген a, ä дыбыстары ықшамдалмай, толық жазылған. Мұндай сөздер құлпытаста көп кездеседі. Жиі қайталануына байланысты санауда қиындық тудырады.
«Күлтегін» құлпытасындағы кейбір сөздерде сөз басында немесе сөз ортасында келген a, ä дыбысы түсірілмей, толық жазылған, яғни ережеге бойсұнбаған. Құлпытаста мұндай 8 сөз бар:
таңбасы: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны:[4] |
KsÇe | ačs2ïq | аш | О 8 |
niTa | at1ïn | атын | Ш 7 |
Map | apam | бабамыз )ата-баба( | Ш 1 |
smaTGiS | s1ïγt1amïs2 | сықтаған (жылап-сықтаған( | Ш 4 |
smaLGNY | y1oγl1amïs2 | жоқтаған | Ш 4 |
GiTa | at1їγ | атты | Б 2 |
aKmaT | t1amqa | тамға, дауалға | ШС |
zmapa | apamїz | бабамыз )ата-баба( | Ш 19 |
Кестедегі асты сызылып, қиғаш жазылған a дыбысы ережеге бағынбаған, яғни ықшамдалмай, толық жазылған.
Көне түркі тілінің емле ережесі бойынша, сөз басында немесе сөздің бірінші буынында келген дауысты i, ï, o, u, ü, ö дыбыстары әдетте түсірілмей толық жазылады. Дауысты дыбыстардың емле ережесіне сәйкес i, ï дыбыстарымен бастаған сөздерде бұл дыбыстар ықшамдалмай, толық жазылады: ïr1aq (алыс), ïγar1 (күшті), ïčγïn1- (бағыну-, айырылу-), ïd1- (жібер-), il2gär2ü (ілгері, алдыда), iki (екі), ičr2äki (іштегі), il2l2igig (елді, елі бар), in2il2i (інілі), igt2i (бақты), ič- (іш-), id2is2iz (иесіз), il2k (ең, алдыңғы) т.б.
Емле ережесі бойынша, сөздің бірінші буынында келген i, ï дыбыстары түсірілмей, толық жазылады: y2ïr1ay1a (солтүстікте), y2ïmšaq (жұмсақ), ïγanyč (шығай, кедей), qïr1q (қырық), y2ïšqa (тауға), qït1any (қытай), b2ir2t2ük (бердік), b2iziŋä (бізге), b2il2igs2iz (білімсіз), b2in2ip (мініп), s2ïγït1čï (сықтаушы), b2išükiŋä (бесігіне), b2it2i- (жаз-) т.б.
i, ï дыбыстары сөз соңында келгенде де түсірілмейді. Құлпытастағы түбір сөз бен туынды сөздің, сондай-ақ жалғау, жұрнақтардың соңында келген i, ï дыбыстары ықшамдалмай, толық жазылғанын байқаймыз. Мысалы: t2äŋr2i (тәңірі), b2ör2i (бөрі), y2ät2i (жеті), in2is2i (інісі), b1uy1r1uqï (шабарманы), y1aγï (жауы), y1ol1ï (жолы), öl2t2i (өлді), özi (өзі), y2igir2mi (жирма), t2ägd2i (тиді), s1an1čd1ï (шаншыды) т. б.
Құлпытастағы бірқатар сөздерде сөздің басында, бірінші буынында келген i, ï дыбыстары емле ережесіне бойсұнбай, түсіріліп жазылған. Мұндай 17 сөздің бәрі де – түбір тұлғалы сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
b2ir2iy2ä | оңтүстікке | Ш 14 | il2ki | ең алдымен | Ш 32 |
y2igir2mi | жиырма | ШО | il2imiz | еліміз | Ш 1 |
y2ïmšaq | жұмсақ | О 5 | il2iŋin2 | еліңді | Ш 22 |
y1ir2t2ä | жерде | О4 | il2iŋä | еліңе | Ш 23 |
y2ir | Жер | Ш 34 | il2s2ir2ät2mis2 | елсіз еткен | Ш 15 |
y2inčü ügüz | иінші өзен | О3 | il2gär2ü | алдыңғы | Ш 21 |
t2ir2ip | жинап | О 10 | itdimiz | жібердік | Ш 21 |
t2imis2 | деді | Ш 9 | Kimkä | Кімге | Ш 9 |
s2il2ik | пәк | Ш 33 |
Кестедегі асты сызылып, қиғаш жазылған i/ï әріптері ереже бойынша жазылуға тиіс болғанмен, бұл сөздерде таңбаланбаған.
Құлпытастағы түбір, туынды сөздер мен оларға жалғанған қосымшаларда сөздің басында, бірінші буынында және сөздің соңында келген i, ï дыбысы түсірілмей, толық жазылады да қалған орындарда келген i, ï түсіп қалады. Алайда төменде келтірілген 75 сөзде екінші, үшінші буындағы түсіп қалуға тиісті i, ï дыбысы толық жазылып, ережеге бағынбаған:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | |
äčil2i | ағалы | Ш 6 | t2äŋr2id2ä | тәңірде | О 1 | |
äs2id- | есті- | О 2 | t2äŋr2is2i | тәңірі | Ш 10 | |
äčim | әкем | Ш 16 | t1oqït1d1ïm | қашадым | О 12 | |
äs2id2gil2 | естіді | О 1 | t1oqïd1ï | қашады | С 6 | |
at1ïs2ï | немересі | О 13 | t2öl2is2 | төліс | Ш 33 | |
in1isi | інісі | Ш 5 | qur1ïqan1 | тайпаның аты | Ш 4 | |
il2b2il2gä | ілбілге | Ш 11 | qur1ïγar1u | Батысқа | О 2 | |
is2ig | күш | Ш 8 | šad1apït1 | шәдәпіт (мансап) | О 1 | |
b2it2id2im | жаздым | ШО | s2üčig | тәтті | О 5 | |
y1azïqa | жазығына | Ш 17 | kis2ig | адам | О 6 | |
är2ig | жететін | О 13 | äkinti | екінші | С5 | |
äsid2iŋ | естідің | О 10 | adïnčïγ | ерекше | О 12 | |
oγl2ït2ï | ұлдары | Ш 5 | aqït1(t1)ïmïz | ағыздық | С 8 | |
y1or1ït1d1ïm | жорыдым | О 4 | b2äd2izčig | безеушіні | о12 | |
aγïsï | нәрсесі | О 5 | ||||
-ïγ/-ig табыс септік жалғауы қосылғанда i, ï дыбыстары түсірілмей жазылған сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
yaγïγ | Жауды | Ш 15 |
i, ï дыбысына біткен үшінші жақ тәуелдік жалғауынан кейін табыс септік (-n) жалғанғанда i, ï дыбысы түсірілмей жазылған сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
at1ïn2 | атын | С 3 | y1aγzïn2 | қоңырын | С 5 |
aqïn2 | ағын | Ш 40 | qaγan1ïn1 | қағанын | Ш 36 |
ar1maqčïs2ïn2 | шаршағанын | Ш 6 | t2ägd2ükin2 | жеткенін | Ш 34 |
al1mat1ïn2 | алмаған | О 9 | t2ör2üs2in2 | заңын | Ш 1 |
äkin2 | екеу | Ш 1 | s2üs2in2 | әскерін | С 6 |
äkis2in2 | қарындасын | С 9 | ud1l1ïqïn2 | аяғын | Ш 36 |
äb2in2 | үйін | С 1 | kiks2ür2t2ükin2 | кектескенін | Ш 6 |
oγl1ïn2 | баласын | Ш 7 | y1oŋašur1t1uqïn2 | отаспағанын | Ш 6 |
oγl1ïnta | баласында | Ш 1 | y1oγïnta | қазасында | С 7 |
il2in2 | елін | Ш 6 | y1ar1ïqïnta | жарығында | Ш 33 |
b1ul1γaqïn2 | бүлінгенін | С 4 | y1or1čïn2 | жорыққа шыққанын | Ш 32 |
b1ol1t1uqïnta | болғанында | С 3 | y1al1mas1ïnta | шабарманында | Ш 33 |
iŋ/-ïŋ түріндегі екінші жақ тәуелдік жалғауы қосылғанда i,ï дыбысы түсірілмей жазылған сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
aγïs2ïŋa | затыңа | О 6 | s1ab1ïŋa | сөзіңді | О 6 |
oγl1ïŋa | ұлыңа | О 12 | t1at1ïŋa | тат руына | О 12 |
or1t1us2ïŋar1u | ортасына дейін | О 2 | b1at1s2ïqïŋa | батысыңа | О 2 |
y1azïŋa | жазығына | С 8 | b2is2ükiŋä | бесігіңе | О 6 |
y1ašïŋï | жасында | Ш 32 | b1ašïŋa | басыңа | Ш 33 |
i/-ï түріндегі үшінші жақ тәуелдік жалғауы қосылғанда i,ï дыбысы түсірілмей жазылған сөздер де бар: in2is2i (інісі), b1uy1r1uqï (шабарманы), y1aγï (жауы), y1ol1ï (жолы), aγïsï (заты) т.б.
Сын есім тудыратын жұрнақ-siz,-lïγ жалғанғанда құрамындағы i/ï дыбысы түсірілмей жазылған сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
b1od1un1l1ïγ | халқы бар | Ш 6 | y1aγïsïz | жаусыз | Ш 30 |
qal1ïsïz | түгел | С 1 |
-ir/-ïr тұлғалы есімше қосымшасы жалғанғанда i, ï дыбыстары түсірілмей жазылған сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
y1aγut1ïr1- | жақындастырар- | О 5 | b2il2ir2s2iz | білерсің | Ш 34 |
b1ar1ïr1- | барар- | Ш 10 |
-täči тұлғалы есімше қосымшасы жалғанғанда i, ï дыбыстары түсірілмей жазылған сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
öl2t2äčis2än | Өлетін едік | О 8 |
-ïp тұлғалы көсемше қосымшасы жалғанғанда i, ï дыбыстары түсірілмей жазылған сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
y1or1ïp | жорып | Ш 35 |
Бұйрық райдың І жақ тұлғасында келген етістіктердегі i, ï дыбыстары түсірілмей жазылған сөздер:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
it2äy2in2 | Жіберейін | Ш 39 | qon1ay1ïn2 | Қонайын | О 7 |
Кестедегі қиғаш жазылып, асты сызылған i, ï дыбыстары ереже бойынша түсіріліп жазылуға тиіс болғанмен, толық жазылған. Ескерткіште мұндай сөздер көптеп кездеседі.
Дауысты дыбыстардың емле ережесі бойынша, сөз басында келген o, u дыбыстары ықшамдалмай, толық жазылады: umay1 (ұмай), ul1ay1u (тағы), ul1uγ (ұлық), ud1ïmad1ïm (ұйықтамадым), ul1uš (ұлыс, ел), oγuz (оғыз), oγuš (оғыс, тайпа аты), opl1ay1u (ұмтыла), ot1 (от), ot1uz (отыз), u (ұйқы), ol1ur1t1d1ï (отырды), oγl1ïŋa (ұлыңды), uγuš (ру) т. б.
o, u дыбыстары сөздің бірінші буынында келгенде түсірілмейді: qop (барлық), qul1 (құл), b1un1ča (мұнша), y1oγčï (жоқтаушы), t1or1u (арық), t1on1l1ïγ (тонды), t1oqït1d1ïm (қашаттым), y1or1ïy1ur1 (жорыққа шықты), qunčuy (қаныша), b1od1un1 (халық), b1ošγur1ur1 (басқарған), t1oγs1ïqa (шығыста) т.б.
u дыбысы сөз соңында келгенде түсірілмей, толық жазылады. Түбір сөз бен туынды сөздерде, қосымшалардың соңында келген o, u дыбыстары түсірілмейді: y2ïr1γar1u (солтүстікке), b1ay1ïr1qu (байырғы), b1ašl1ay1u (бастаған), qušu (құшы, адам аты), y1aγr1u (жақын аралықта), s1ay1u (сайын), ot1r1u (орта), ud1ïšr1u (қуалай), qur1ïγar1u (батыста) т.б.
Көне түркі тілінде сөздің соңы o немесе ö дыбыстарына бітпейді, u және ü дыбыстарымен ақырласатын санаулы ғана сөз бар.
Құлпытаста сөз басындағы немесе сөздің бірінші буынындағы o, u дыбыстары түсіріліп жазылған екі сөз кездеседі:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
t1okud1um | қашадым | О 13 | b1ul1uŋ | бүлік | Ш 2 |
Бұл сөздің бірінші буынындағы o, u әріптері ережеге қайшы таңбаланған.
Құлпытастағы түбір және туынды сөздерде, қосымшаларда сөздің басында, сөздің бірінші буыны мен сөздің соңында келген o, u дыбыстары түсірілмей, толық жазылады. Қалған орындарында o, u дыбыстары түсіріліп жазылады. Алайда төменде келтірілген 35 сөзде екінші, үшінші буындарда түсіп қалуға тиісті o, u дыбыстары ережеге бойсұнбаған.
Түбір сөздің құрамындағы u дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
al1t1un1 | алтын | С 12 | t1oquz | тоғыз | С 4 |
ar1t1ur1up | алданып | О 6 | t1ar1d1uš | Тартыс (адам аты) | Ш 17 |
ančul1ad1ï | атады | Ш 32 | t1al1uy1qa | теңізге | О 3 |
b1ol1čun1 | Болшы (жер аты) | Ш 11 | qat1un1 | ханым | Ш 31 |
b1ol1čud1a | Болшыда (жер аты) | Ш 37 | šantuŋ | Шәнтұң (жер аты) | Ш 17 |
b1ay1r1qun2uŋ | Байырғының (адам аты) | Ш 36 | or1t1us2ïŋar1u | ортасына дейін | О 2 |
bodun | халық | Ш 4 | b1ošγur1mïš | басқарған | Ш 13 |
b1ošγur1ur | басқарар- | О 7 |
-uγ тұлғалы табыс септік қосымшасы жалғанғанда u дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
or1d1uγ | орданы | С 8 | qun1čuyuγ | қаншаны | Ш 20 |
y1ab1γuγ | жабғыны | Ш 14 | qar1l1uquγ | қарлықты | С 2 |
t1ut1uquγ | тұтықты | Ш 38 |
-un тұлғалы тәуелдеулі табыс септік қосымшасы жалғанғанда u дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
oqun1 | оғын | Ш 33 | y1ar1γun1 | жарығын | Ш 34 |
Етіс қосымшалары жалғанғанда u дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
ur1t1ur1t1ïm | қашаттым | О 12 | qonturt1ïmïz | қондырдық | Ш 21 |
y1oŋšur1- | өшестір- | Ш 6 | y1ar1at1ur1t1ïm | жараттым | О 12 |
y1aγut1ïr2- | жақындастыр- | О 5 | y1ar1at1un1u | жаратылған | Ш 10 |
-zun тұлғалы үшінші жақ бұйрық рай қосымшасы жалғанғанда u дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
b1ol1mazun1 | болмасын | Ш 11 | qal1mazun1 | қалмасын | Ш 20 |
-yur/-ur тұлғалы есімше қосымшалары жалғанғанда u дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
b1ošγur1ur1- | Басқарар- | О 7 | y1or1ïy1ur1 | Жүрер | Ш 12 |
b1ar1ur1- | Барар- | С 1 | y1ašay1ur1 | Жасар | С 2 |
ol1ur1ur1- | Отырар- | Ш 3 |
Кестедегі қиғаш жазылып, асты сызылған i, ï дыбысы ереже бойынша түсіріліп жазылуға тиісті, бірақ сөз аралығында толық жазылған.
Дауысты дыбыстардың емле ережесіне сәйкес сөз басында ö, ü дыбыстары таңбаланады: üč (үш), ög (шеше), üzä (үстіде), üküš (көп), üčün2 (үшін), üzüm (өзім), ügüz (өзен), öy2ür2 (үйір), özi (өзі), ögir2- (қуану-), ökün2- (өкін-), öŋr2äki (алдыдағы), öl2t2üg (өлдік), öt2ükän2 (өткен, тау аты) т.б. Сөздің бірінші буынында келген ö, ü дыбыстары түсірілмейді: kök (көк), kün2 (күн), t2ür2k (түрік), küč (күш), t2ör2ü (заң), t2ör2t2 (төрт), köŋül2 (көңіл, ой), t2üpüt2 (Тибет), küs2i (әскері), köt2ür2- (көтер-), kör2ügmä (көрген), b2öd2kä (шақта), s2ül2äp (аттандырып, шығарып), y2ügür2t2i (ақты), kül2t2igin2 (Күлтегін) т. б.
Түбір сөз, туынды сөз немесе оларға жалғанған қосымшаларда сөз соңында келген ö, ü дыбыстары түсірілмей, толық жазылады: äd2gü (жақсы), äčü (ата), t2ör2ü (заң), b2äŋgü (мәңгі), kör2ü- (көріп), s2ül2äy2ü (аттандырып), il2gär2ü (ілгері, алдыда), t2ir2gir2ü (тіріліп), öl2ü-y2it2ü (өліп-талып), b2ir2gär2ü (бірге), y2it2r2ü- (жоғалтып-), y2är2gär2ü (жерге қарай) т. б.
Құлпытаста сөздің басында не бірінші буынында келген ö, ü дыбыстары түсіріліп жазылған төрт сөз кездеседі:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
üküš | көп | О 10 | y2ükün2t2ür2t2imiz | жүгіндірдік | Ш 18 |
ökün- | өкін- | Ш 23 | üküs | көп | О 7 |
Құлпытастағы сөздің басында немесе бірінші буыны мен сөздің соңында келген ö, ü дыбыстары түсірілмей, толық жазылады. Қалған орындарында келген ö, ü әріптері түсіріліп жазылады. Алайда төмендегі 36 сөздің екінші, үшінші буындарындағы түсіп қалуға тиісті ö, ü дыбыстары ережеге бойсұнбай, таңбаланған.
Түбір сөздің құрамындағы ü дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
äd2güt2i | жақсы | О 2 | t2öpüt2 | Тибет | Ш 4 |
ökün2- | өкін | Ш 23 | t2üpüt2kä | Тибетке | О 3 |
öt2ükän | Өткен (тау аты) | О 8 | t2ör2ümiz | заңымыз | Ш 22 |
ül2ügüm | бөлегі | Ш 29 | t2ör2üŋin2 | заңыңды | Ш 22 |
y2üküntür2mis2 | жүгіндірді | Ш 18 | t2ör2üg | заңды | Ш 3 |
s2üŋük | сүйек | Ш 35 | t2ör2üs2ün2 | заңын | Ш 13 |
s2äŋün2kä | Сәнгүнге | Ш 32 | t2ör2üs2in2 | заңын | Ш 1 |
kiks2ür2t2ükin2 | өштескенін | Ш 6 | t2ör2üd2ä | заңында | Ш 16 |
äčüm | әкем | Ш 1 | t2ör2üs2inčä | заңындай | Ш 13 |
-ür/-gür/-tür тұлғалы өзгелік етіс қосымшасындағы ü дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
käl2ür2t2üm | келтірдім | О 11 | kigür2t2ig | кіргіздік | Ш 23 |
s2ökür2mis2 | идірдім | Ш 15 | öl2ür2äy2in2 | өлтірейін | Ш 10 |
küt2ür2mis2 | көндірді | Ш 11 | öl2ür2mis2 | өлтірді | Ш 40 |
ir2t2ür2ü | жеткізіп | Ш 40 | y2ükün2t2ür2- | жүгіндір | Ш 15 |
ögt2ür2- | бақтыр- | Б 2 |
-ür тұлғалы есімше қосымшасы жалғанғанда құрамындағы ü дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: | транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
öl2ür2- | өлер- | Ш 10 | s2ökür2- | сөгер- | Ш 2 |
öy2ür2- | ойланар- | О 5 | b2ir2ür2 | берер- | Ш 9 |
kör2ür2- | көрер- | С 10 |
Тәуелдік, септік жалғауларындағы және шылау сөздің құрамындағы ü дыбысының түсірілмей жазылуы:
транскрипциясы: | мағынасы: | орны: |
s2öŋüküŋ | Сүйегің | Ш 24 |
in2iy2igün2im | Інім | О 1 |
kür2ägüŋin2 | Көргеніңді | Ш 23 |
üčün2 | Үшін | С 4 |
Талдауға негіз болған Әл Илмаз нұсқасындағы сөздердің көбі емле ережесіне сай жазылған. Алайда ережеге бойсұнбай жазылған сөздер де кездеседі. Бұл сөздер негізінен i, ï дыбыстарына қатысты. Яғни, жазылуға тиісті жерінде жазылмаған, керісінше, жазылмауға тиісті жерлерінде жазылған тұстар кездеседі. Ережеге бойсұнбай жазылған сөздердің екінші, үшінші буындарында түсіп қалуға тиісті i дыбысының орнына u, ï дыбысының ü дыбысын қойып транскрипциялауға болады. Мысалы, qurïγaru сөзінің екінші буынында түсіп қалуға тиісті ï дыбысының орнына ерін үндестігі бойынша u дыбысын қойып quruγaru деп оқуға да болады. Осыған ұқсас al1t1un1 деген сөздің екінші буынындағы түсіп қалуға тиісті u дыбысының орнына ï дыбысын қойып, al1t1ïn1 деп алмастырып оқуға да болады. Ökün2 сөзін ökin2 деп оқуға болады, it2äy2in2 сөзін it2äy2ün2 деп оқуға болады. Құлпытастағы екінші, үшінші буындағы түсіп қалуға тиісті орындардағы i, ï, u, ü дыбыстарының түсірілмей жазылуы осындай жаңсақтықтан сақтану болса керек.
Дауысты дыбыстар жазылуға тиісті жерлерінде жазылмай қалған сөздердің саны жазылмауға тиісті жерлерінде жазылған сөздерден аз. «Күлтегін» құлпытасы орнатылғалы арада бірнеше ғасыр өтті. Осы аралықта күннің қақтауы мен желдің үрлеуі салдарынан жазулар өшкіндеп, кейінгі суретке алынған нұсқаларда анық көрінбей қалған болуы немесе сол кездегі тасқа қашаушының емлені толық игермегенінен болуы мүмкін.
Айта кетер бір жайт – il, iki сөздері кейде äl, äki болып жазылып, i мен ä алмастырылған. Бұл сол кездегі диалект болуы да мүмкін. Көен түркі тілін арнайы зерттеген ғалым, профессор Еркін Ауғалиұлының айтуы бойынша, көне түркі тілінде қазіргі қазақ тіліндегі ашық, езулік, тіл алды дауысты дыбыс (e) болған, бірақ e дыбысының таңбасы болмағандықтан, оны (e дыбысын) бірде i әрпімен, енді бірде ä әрпімен таңбалауы да ғажап емес.
Көне түркі құлпытастары – ата-бабаларымыздың асыл қазынасы. Құлпытастардың емле ережелерін, ондағы тіл заңдылықтарын тереңнен зерттеу, оларды қастерлеп, қадіріне жету, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, құндылығын асыра түсу – бұлтартпас борышымыз.
Әдебиет:
1.Dr.Cengiz Аlyilmaz Orhun Yazitlarinin Bügünkü Durumu. - Ankara, 2005 (Kül Tigin 7-101).
2. Еркін Ауғалиұлы, Бәтима Бидоллақызы Көне түркі тілі лексикасының қазіргі қазақ тіліндегі өзгерісі. - Бейжің: Ұлттар баспасы, 2015.
3. Гің Шымин Көне түркі тілінің грамматикасы. - Бейжің, 2010.
4. Гің Шымин Көне түркі тілі құлпытастарын зерттеу. - Бейжің, 2005.
5. Талат Текиін Орхон түркі тілінің грамматикасы. - Индиана, 1968.
6. Марсел Ердал Көне түркі тілінің грамматикасы. - Бостон, 2004.
7. Қазіргі қазақ тілі. - Бейжің: Ұлттар баспасы, 1983.
Баға беріңіз