Бүгінгі жаңа деп табылған әдістер Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алған

​Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер екендігін бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік мұраларынан белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманындақарапайым...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

06 қыркүйек, 2019

Бүгінгі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер «Сын тұрғысынан ойлау»технологиясы, «Инсерт» стратегиясы сияқты тағы басқаоқытудың түрлі әдістерінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындап көтеріп жүр. Өткенге барлап қарасақ,бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының Ахмет Байтұрсынұлының жоғарыда аталған еңбектерінен бастау алатынын атап өткен жөн болар. Бұны бізғалымның өз заманындағы балалар мен ересектердің сауатын ашуға арналған оқу құралдарынан да, шағын мақаларынан да аңғарамыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлыныңбастауыш мектептеріне арналған «Әліпбиі» (Жаңа құрал) оқулығын жазудакөрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп,балаға әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген.

Қазіргі таңдаересектерді оқытатын оқытушылар мен мектеп мұғалімдері жалпы білім берудің ең ұтымды тәсілі ретінде Блум таксомониясынбасшылыққа алады.Блум таксомониясының 6 түрлі ережесі кез келген ақпаратты үйретудіңең ұтымды тәсілдері ретінде тәжірибеде дәлелденіп жүр. Себебі Блум таксомониясының

  • білу – мағлұматтар мен ақпараттарды еске түсіру;
  • түсіну – жаңа идеяны түсіну, ондағы негізгі идеяларды салыстыру, сипаттау;
  • қолдану – жаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану;
  • талдау – дәйектер мен себептерге байланысты ақпаратты тексеру және жіктеу;
  • жинақтау – ақпараттарды жүйелеу;
  • бағалау – ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау»сияқты 6 ережесі сын тұрғысынан ойлауда, яғни ойлау дағдыларын қылыптастыруда, жетілдірудесоны әдістемелердің бірі делінеді.

Бір қызығы, осы Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысы жайында өз заманындасан жылдар бұрын айтылып кеткенА.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады.Ағартушы әдіскер«Ана тілінің әдісі» атты мақаласындаана тілін үйрету әдістерін былайша бөледі:

1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс теп аталады.

2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады.

3) Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылаулы немесе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады.

Яғни, ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, алдына қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды деп көрсетеді.Бұл категориялар қазақ тілін оқулықтарын құрастыруда да, сабақ әзірлемелерін жасауда да басшылыққа алған жөн.

Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлыныңбұл еңбегінде қазіргі әдістемеде білім алушының функционалдық сауаттылығынқалыптастыру, дамыту мақсатында сөйлеу әрекеттерінің 4 түрі (жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым) арқылы тілді меңгертудің әдістері жайында ой-пікірлерін де табуға болады. Ғалым «үйретуді» өнер деп бағалайды. «Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету – бұл да өнер. Олай болса өнерлерде болған сындар мұнда болмақ» дегені сөзсіз ақиқат. Әдіскер тіл үйретуге мыналарды жатқызады: 1)оқылым – оқу үйрету; 2) жазылым – жазу үйрету; 3) айтылым– сөйлеу үйрету.

Сөйлеу әрекетінің төрт түрі Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралының» өн бойында кездеседі. Мәселен, оқылымәрекетібуындап оқу, тұтас оқу арқылы; жазылымәрекетісөздерді буындау, тасымалдау, көшіру, құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы; айтылымәрекеті сұрақтарға жауап беру арқылы;тыңдалымәрекеті жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда қазақ тілін оқытуда жазбаша тілдегі сөздердің ауызша тілдегі қатынасы ескерілмей жатады. Білім алушылар әріп пен дыбысты ажырата алмай, бір үйлесіммен, бір ырғақпен айтылатын сөз тіркестерін жазба тілдегі нұсқамен айтатын дәрежеге жеткен. Ауызша тіл мен жазба тілдегі норманың арақатынасы жайында Ахмет Байтұрсынұлының екі бөлімнен тұратын «Тіл жұмсары» мен«Оқу құралында»баяндалған. Әдіскер-ғалым өтілген мағлұматтарды ауызекі тіліне жеңіл де қысқа ауызша сауалдармен бекітуді де естен шығармаған. Мысалы, 1) әріп пен дыбыс бір ме? 2) қайсысы көрінеді, қайсысы естіледі ? 3) ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма?

Ғалым «Жазабілуүшінтілдегідыбыстардытанибілукерек.Ол дыбыстарғаарналғанәріптерінтанибілукерек.Таныған әріптерін жаза білу керек. Жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек» деп әріп пен дыбысты айырудың әдіс-тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетеді.

Сонымен қатарқазіргі таңда дәстүрлі оқытудан жаңартылған білім мазмұнына ауысқан білім беру жүйесінде «білім алушылардыңалған білімдерін күнделікті өмірде қолдану» қағидасы басшылыққа алынып жүр.Оқытудың бұл жүйесі деАхмет Байтұрсынұлының «Баулу мектебі» атты мақаласында» баяндалады:«Өлі оқудан» көрі «төте оқу» беретін білім жандырақ. «төте оқудан» гөрі «көрнекі оқу» беретін білім жандырақ, «баулу» беретін білім бəрінен де жандырақ. «Баулу» асылында дағдылы
шағындағы тіпті «бала оқыту» емес, тіршілік ісіне тігілей
түсіру».

Осылайша қазіргіжаңашыл деп танылып жүрген технологиялардың түр түрін ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады. Бұдан бізсан жылдар бойы жұртшылыққа ұсынылмай, әділ бағаланбай келген Ахмет Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдістерінің өміршеңдігіне көз жеткізуімізге болады.


Баға беріңіз