Бүгінгі жастардың бүлдіргі сөздері
«Базар жоқ» – күшті;
«Тема екен!» – керемет;
«Ұйқыны тебу, перу, сою» – рахаттана ұйықтау;
«Мұздатып кетті» – алдап кетті;
«Сынды» – көңілдің жібуі, мысалы: мына қыз маған сынып тұр;
«Жынды жарасып тұр» – әдемі;
«Ауыздан авария болды» – бәлеге ұрынды;
«Қоянның суретін салу» – сазға отырғызу;
«Картопты жарды» – әзілдеді;
«Кидат етіп кетті» – алдап кету;
«Зык-зык ету» – ұру, соғу;
«Ұйқыны сызу» – ұйқыға бату;
«Тіреліп алу» – қоқаңдау;
«Айырып тастау» – басым түсу;
«Ақша сындыру» – күшпен ақша жинау;
«Қадады» – таяқ жегізді;
«Жыртылып отыр» – өзінше болу;
«Лапша ілу, құлақтан тебу» – өтірік айту;
«Прикол ұстады» – мазақ етті, келеке қылды;
«Мат қылды» – масқарасын шығарды;
«Тормозы ұстап қалу, зависать етіп қалу» – шешімін таба алмау;
«Толпа» – көпшілікпен келу;
«Типаж болу» – менменсу;
«Счетчик қою» – ақша талап ету;
«Маяк тастау» – қоңырау шалу;
«Құлаққа гүл өсіру» – өтірік айту;
«Мотормен жүру» – көлігі бар-жоғын білдіру;
«Хатада болу» – үйде екенін түсіндіру;
«Киш-миш ету» – тамақтану;
«Хавать ету» – бір нәрсені түсініп алу;
«Матя» – ана;
«Батя» – әке;
«Крыша» – көке;
«Тартыл» – қатарға қосыл, кел;
«Бітіп қалдым» (батыс жақта) – ғашық боп қалдым;
«Жыртты» – өз дегеніне жетті, таң қалдырды;
«Қораға кірді» – сәтсіздікке ұшырады;
«Миды тақтай қылма» – басты қатырма;
«Жыртып тастау» – быт-шытын шығару;
«Қатайып алыпты» – әлдеқандай болу, өзінше сықиып киініп алу;
«Мажормысың?» – баймысың;
«Екі көзі банка болды» – екі көзі атыздай болу;
«Бас кетті, басым кетті» – ұнап қалды, ұнатып қалдым;
«Ассалау с молоком» – амандасу;
«Фигурасы ат екен» – дене бітімі келісті қыз;
«Күлкінішті екен» – Қызық екен;
«Шашлыктан ату» – сый ретінде ұсыну;
«Сушняк» – ішетін су;
«Екі қойың бір сом, ешкің тегін» – бәрібір, мәнсіз;
«Ол бір кадр» – бір жүрген қызық адам;
«Қайырлы с таңом» – таңғы тілек, сәлем;
«Плоски экран» – арық қыз;
«Желіні жарды» – шулату;
«Мұрт тағып алған» – паңданып тұр, тәкаппарлану;
«Сызып кет мына жерден» – тез-арада құры, кет;
«Тəпішкі болып қалды» – түк емес;
«Басың жасай ма, қаға ма?» – басың істей ме;
«Ұйқыны пісірді» – ұйқыға шому;
«Күлкіден өлдік» – ішек-сілесі қатқанша күлу;
«Екі алақан, бір бет» – дымсыз, жұрдай;
«Миға таракан кіріп кетті» – жаман ой жайында;
«Жағын шайнап қалды» – сөйлеген күйі қалу;
«Қуып кетті» – басқа нәрсені айту;
Баға беріңіз