Қазақтың тілі - құрметті тіл

Бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі негізсіз емес. Он тоғызыншы ғасырдың басында қарапайым ұстаз қызметін атқарған, алашордашы Ахмет Байтұрсынұлы сол кезеңдегі қиындықтарға қарамастан әрбір қазақты ...

10 ақпан, 2022

Газет бетінде көтерілген әрбір мақаланың маңызын байыптаған қазақ жастарының оған ықыласы арта түсетін­дігін жете көрсетеді. Мұндай халыққа қажетті рухани азықтың сол тұстағы патшалық Ресейдің саясатына жақпайтыны белгілі болатын. Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілігімен жедел ұйымдастырып, баспаның бүкіл шығындарын халық өз мойындарымен көтеріп, жақсы бастаманы қабылдаған еді.

Жан-жақты дайындықпен бағалы бастаманы алашордашы Ахметті жақтырмайтын жандайшап адамдар патша жендеттеріне жеткізіп әбігерге түсіреді. Қазіргі кезде «Абай» телеканалынан көрсетіліп жатқан Ахмет Байтұрсынұлы жайлы киносериалынан көріп отырғандай шені үлкен НКВ-нің басшысы шақырып сөз тартады. Сонда Ахмет еш кідірместен: «Газет-журнал ашу ойымызда бар, оның бүкіл шығынын халықтың өзі көтереді. ­Газетте жазылатын мәселелер негізінен білім, кәсіп, ғылым жайлы болады», – дейді. Сол кезде төмен қарап отырған басшы басын көтеріп, «ғылым дейсің бе?» дегендей мырс етіп миығынан күледі. Одан әрі жоғары шенді шенеунік «газетті біз де шығарғалы жатырмыз» деген сөзіне Ахмет Байтұрсынұлы байсалды түрде жауап қатады. Шенеуніктің бөлмесінен шығып кеткен алашордашы Ахметті жанында отырған Жандайшап қазақ жігітіне қарап «мынау асау адам екен. Бұғаттау керек екен» деп ұсыныс жасайды. Көп ұзамай Ахаң қамауға алынады. Бірақ жастарды сауаттандыру, білімдерін дамыту жолындағы істер жалғасын табады. Қаншама қиындықтарға қарамастан абақтыда отырса да жас сәбилерге әліппенің алғашқы нұсқасын дайындап, қолжазбасын бітіреді. 1909 жылы және 1913 жылы, 1923 жылдары бірнеше кітап пен газет-журналр шығара бастайды. Бұл Ахмет Байтұрсынұлының туған еліне, жеріне келешек өсіп келе жатқан ұрпақтардың білім алуына деген ниеттің түзулігін ерекше байқатады. Сондықтанда ол кісінің «газет журнал-бұқараның көзі һәм құлағы» деп атап кеткен қасиетті сөзін бүгінге дейін әрбір қаламгер жадынан шығарған емес.

Қазақтың тілі құрметті тіл, қадірлі тіл. Соңғы уақытта өзіміздің ана тілімізге құрметпен қарау жағы көңілге кірбін келтіреді. Әсіресе көптеген басшылық қызметін атқарып жүрген азаматтардың қазақ ұлтының құндылығы болып есептелетін ана тілге еңжар қарайтындығы қынжылтады. Олар сұқбат берген әңгімелескен кезде көпшілігі орыс тілін араластырып, орыс тілде жауап бергеніне ренжіп тұрасың. Біз көріп жүргендей, мәжіліс депутаттардың алдына барып өз саласы бойынша сауалнамаларға жауап бергенде орыс тілінде сайрай жөнеледі де, ана тіліне келгенде кібіртіктеп, айтқан сөзінің жартысын жұтып қойып, не айтқаның өзі де білмей қалатын кездері жиі кездеседі. Ал енді қасиетті құрметті тілімізді осыншама жатырқай қарсы алуға олардың азғантай болса да ұялатын кезі келе ме екен?!

Осы қазақ тілін үйрену және дамыту үшін мемлекет жылма жыл қаражат жұмсап келеді. Алайда осы қаражаттың түпкі нәтижесі болмағандай көрінетін сияқты бізге. Өйткені кейбір қазақ тілін үйреніп шыққан жас кадрлердің өз тілінде сөйлеген сөзіне көп адамдар қанағаттана қоймайды. Біз барлық қазақ ­жастарын кінәлаудан аулақпыз, олардың көпшілігі өз ұлтын тілін және тарихын терең білетіндігі қуантады. Біздің айтпағымыз, мемлекеттің басшы қызметкерлерінің шетелге барғанда ана тілінде сөйлеп отырса, оны сол елдің тілінде түсіндірме беріп, ­аударма жасаушылыр қатары бар екендігн білеміз. Осындай кездерде басшылардың туған тілінде мемлекеттің экономикасындағы жетістіктерді толық жеткізіп жатса, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болатындығына сенім мол.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында «қазақ тілі – мемлекеттік тіл» екенін шегелеп айта отырып, әрбір азаматтың ана тілін жадынан шығармай оқып үйренуі және өз тілінде еркін сөйлеуі керектігін еске салды. Президенттің осы айтылған қағидатын жастарымыздын, әрбір жауапты басшы қызметкерлердің білуі қажет.



Баға беріңіз