Қазақтілді халық өз елінің тағдырын қолына алды
Елде болған соңғы толқулар қазақтілді халықтың өз мемлекетінің тағдырын қолына алғанын көрсетіп отыр.
Қазақтілді халық тіпті өз мемлекетінің тарихын түбегейлі өзгертіп жіберу құдіретіне ие халыққа айналыпты.
Осы факторды ескере отырып келешек үкімет, парламент, басқарушы органдарға қазақтілді менеджерлер көптеп тартылуы керек деп ойлаймын.
Келешекте билік басына, заң шығарушы органдарға қазақтілді менеджерлер көбірек тартылуы керек.
Біздің бұрыңғы шенеуніктер өз ана тіліне шорқақ, қатып қалған нұротанның бюрократтары болатын.
Олар халық алдына шығып ана тілдерінде шешен сөйлеу былай тұрсын, тіпті оны білмейді де.
Сондықтан билік те енді қазақылануы керек. Соңғы он жылда ел қатты қазақтанып кетті. Бұл жерде сол қазақтанған елді басқаруға өз менеджерлерінің қажеттілігі туралы мәселе туындап отыр.
Баға беріңіз