Қазақ тілін тегін үйретеді
– Негізі осындай клубты ашу көптен ойымда жүр еді. Шыңғыс, Ислам атты достарыммен ақылдасып, бір жұма аясында іске асырдық. Сабақ өткізетін ғимарат та дереу табылды. Ғимартты жеңілдікпен жалға бергені үшін Достық үйіне алғысым шексіз.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Кім не десе де, болашақта бәрі қазақша болады. Сондықтан біздің азаматтар қиналмай, қысылмай қазақ тілінде сөйлеуге дайын болуы керек. Көбінесе адамдар «қате сөйлеп қоямын, акцентім бар» деп ұялып, қысылады. Ал біздің мақсатымыз – оларға анық және акцентсіз қазақша сөйлеуді үйрету.Тілді мүлде білмейтіндерге басынан бастап оқытамыз, біз оларды қоғамда қазақша сөйлетуіміз керек. Көбінесе қазақ немесе өзге ұлт өкілі қазақ тілінде нашар сөйлесе оған орыс тілінде жауап бере салады, ол дұрыс емес. Керісінше, тілді білмегендермен қазақ тілінде көп сөйлессек, оларға жақсы тәжірибе болар еді. Екі оқытушымыз бар, Ескендір және Яна деген жас мамандар. Жастары 23 және 25-терде. Ескендір – аудармашы, полиглот. Яна – заңгер.
– Кімнің әдістемесін пайдаланасыздар?
– Қанат Тасыбековтың методикасын қолданып жүрміз.
– Клубтың жағдайы қалай? Қатысушылар көп пе?
– Курсқа 20 шақты адам жазылды. Әлі де хабарласып келгісі келетіндер көп. Келем деушілерге есік әрдайым ашық.
– Алда осындай клубтарды басқа да қалаларда ашу жоспарларыңыз бар ма?
– Жоспарларымыз көп. Әзірше осы клубты дамытқан жөн.
Айтпағымыз, елімізде тіліміздің дамуына атсалысып жүрген осындай азаматтардың еңбектері жемісін берерінен үміт мол.
Баға беріңіз