Белсенді астана мен Алматы көшелеріне Шерхан Мұртазаның есімін беруді ұсынды

Биыл Қазақстанның халық жазушысы, қоғам және саяси қайраткер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл.

18 қаңтар, 2022

«Болашақ» қауымдастығының тең құрылтайшысы және басқарманың құрметті мүшесі Арман Қашқынбеков астана мен Алматы көшелеріне жазушының есімі берілуі керектігі туралы осыныс айтты.

«Халықтың алғысын білдіріп, Шерағаны еске алу мақсатында астана мен Алматы көшелерінің біірне оның есімін беруді ұсынамын», - деп жазды ол Фейсбук парақшасына.

Еске сала кетсек, Қазақстанның белгілі жазушысы Шерхан Мұртаза 2018 жылы 9 қазан күні 86 жасында дүниеден озды. Ол 1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болды.

Жазушының әр жылдары жазылған «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан», «Жүрекке әжім түспейді», «Не жетпейді?», бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары қазақ прозасына қосқан өшпес туынды болып қалады.


Баға беріңіз