Барым да, бағым да - қазақ тілі
Алғыс айту күнінің үлкен мән-мағынасы бар. Қазақ жан жүрегімен, бар мейіріммен бізді жақсы көрді. Бәрімізді бауырына басты. «Өткен күн оралмас, мәні де жоғалмас». Сондықтан мен ғана емес, Қазақстан деп аталатын үлкен мемлекетте тұратын барлық диаспора өкілдері өткенін еш ұмытпайды. Біздің тағдырымыз Қазақстанмен тікелей байланысты. Қонақжай, жүрегін кең ашқан қазақтай ұлт жоқ әлемде! Сырттан келгендердің панасызына пана, анасызына ана бола білген қазақ халқы әлемдегі ең мейірімді халық!
Мен қазақ халқына мәңгі қарыздармын. Зор ризашылықпен алғысымды айтамын.
Барым да, базарым да – қазақтың тілі. Қазақ топырағына қан емес, еңбектің тері тамсын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біздің бір ғана Отанымыз бар. Басқа Отанымыз жоқ. Болмайды да! Сондықтан еліміздің тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Көршілеріміз бейбіт, тәуелсіздігіміз тұғырлы, өміріміз мәнді, сәнді болсын!
Баға беріңіз