Қазақ тілін екі аптада үйрену

Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің аға оқытушысы, лингвист Дмитрий Петров әлемнің 30 шақты жаңа және көне тілдерін әртүрлі деңгейде меңгерген. Қазақ тілін екі аптада үйренуге болады ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

09 тамыз, 2016

Алдыңғы әңгімемізде біз сіздермен қазақ тілінің базалық кестесі жайлы айттық. Біріншіден ең бастысы деп, оның ішінде ядро бола алатыны етістік пен есімдіктің құрылымдары дегенбіз. Сол бастыларынсыз, яғни, етістік пен есімдіксіз ешқандай сөйлем құрауға болмайды. Және тағы бір жағдайды айта кеткім келеді. Бірінші, тілді меңгеруде базалық құрылымды білу, оның ішінде етістіктің құрылымы негізінде есімдіктің құрылымы мен оларды құрамдастыру және белгілі бір құрылым жасау қандай мүмкіндіктер ашады. Барлық жағдайда қазақ тіліне де қатысты бұл құрылымдар жеткіліксіз, әрине ең маңыздысы, сол тілдің менталитеті мен тілдің логикасын түсіну керек.

Мысалы, қазақ тілін меңгермеген орыстілді адамға сөздердің орын тәртібі түсініксіз, баяндауыштың қазақ тілінің заңы бойынша сөйлемнің соңында келуі деген сияқты. Шын мәнісінде, бұл еуропалық тілдердің ішіндегі жалғыз тілдік ерекшелік емес, бұндай ерекшелік, мысалы неміс тілінде де бар. Неміс тілінде баяндауыштың сөйлемнің соңында келуі жиі кездеседі. Яғни, қолданылған етістіктің іс-қимылды білдіретінін айту үшін сөйлемнің барлық құрылымын іштей түсіну керек. Бұл құрылым өте үлкен тілдік құрамның базалық негізі болатыны қызықтыратын жайт. Бұндай нәрсе, архаикалық тілдерде, жаңа еуропалық тілдерде бұрын болған, мысалы латын тілінде дәл осындай құрылым болған. Әр тілдегі сөздердің орын тәртібі қалай жасалғаны туралы әртүрлі нұсқалар бар. Солардың бірі өзге тілде ақиқатты қабылдау кестесі басқаша жұмыс істейтіндігін көрсетеді.

Егер жаңаша тиімді құрылған тілдерде, мысалы ағылшын тілінде, бірінші субъект, сосын іс-әрекет жүріп отырса, бұлар сол субъект, оның артынан осы әрекет бағытталған объект жүретінін көрсетеді. Ал қазақ тіліне басқа жолдар тән. Біз субъект пен объектті айтамыз. Сосын барып объектіге бағытталған іс-әрекет айтылады. Яғни, ақиқатты қабылдау сәл басқаша. Ақиқаттылық сол секілді көзбен көрінетін болса, ал формальды қабылдау басқаша. Тағы бір құрылымдық рет бар, оны біз фундаменттік базадан шыққан соң келесі кезеңде меңгереміз.

Шын мәнісінде, бұл белгілі құрылымдарды жаттау барысында және басқа да ақиқатты тануда өте маңызды фактор болып табылады. Дәл басқа кейіпте, басқа қырынан келгенде, ақиқатқа басқа көзқараспен қарағанда, біз мәтіннің, тілдің қалай құрылғандығының аса жеңіл логикалық жолын табамыз. Мен осы Қазақстандағы екітілді адамдармен араласқанда осы мәселеге қызықтым, яғни ауысу механизмі қандай жолмен жүзеге асатыны жайлы. Орыс тілдің логикасынан қазақ тілдің логикасына немесе керісінше. Олардың кейбірі көрсеткіштердің ауысуы, көрсеткіштің қосылуы сияқты кейбір сезімдер туатынын айтып жатты. Бұл өте қызықты сәт, тілді құрылым ретінде суреттеу лингвистика мен психологияның тоғысатын сәті.

Психология, яғни, ақиқатты түпкілікті түсіну мен қабылдау, және бұл тілге жанамасыз тікелей қатысты. Грамматикасына, лексикасына, тілге қатысты нәрсенің бәріне байланысты. Сондай-ақ, фонетикаға да қатысты. Егер біз қандай да бір шет тілді меңгерген болсақ, сол тілде сөйлейтіндерге ұқсауға тырысатынымыз жиі кездеседі. Кейде мынандай да техника кездеседі, сенің ана тіліңде сөйлейтін адамның дауыс екпініне ұқсауға тырысу әдісі де жиі байқалады. Яғни, ағылшындар сәл басқаша, ал француздар басқаша сөйлейтінін естиміз. Қазақ тіліне қатысты қиындық туады, себебі Қазақстанда орыс тілінің ең таза түрі де кездеседі. Ешкім ешқашан қазақи дауыс екпінді ажырата алмайды. Қазақи дауыс екпіннің типтік деңгей қалпы, таптаурын деңгейі жоқ.

Себебі, қажетті білім деңгейін игерген адамдар басқа орыстілді аймақтың адамдарына қарағанда, орысша жақсырақ сөйлейді, бұл ақиқат, лингвистикалық ақиқат, бұнымен санасуға тура келеді. Сондықтан, фонетика кезеңі белгілі бір қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Теориялық білімге қарай біздің өз тілімізде жоқ дыбыстарды қабылдауды жаңарту керек. Қазақтілді адамдарға біраз кінә артқым келеді. Олар солардың тілін үйренушілерге әрқашан шыдамдылық пен төзімділікпен қарамайды. Мысалы, тіл білушілер тіл үйренушілермен қарым-қатынас жасау барысында олармен сөйлескенде түсінікті, жылдамдығын төмендетіп сөйлеуге тырысады. Менің бақылауым бойынша, қазақпен қазақша сөйлескенде ол басқа тілді адаммен сөйлесіп тұрғандай сөйлеспейді.

Бұл қиындық тудыруы мүмкін. Сол себепті бұл тіл үйрену әдісінің шегінен шығып кетеді. Тіл өзін қоршаған әлеуметтік-мәдени эмоционалдық ортада өте маңызды болып табылады. Сондықтан бұл ескеретін ең маңызды нәрселердің бірі. Егер қоғам қазақ тілін дамытуға ынталы болса, кеңінен қолданылуын қолдайтын болса, онда қазақ тілінде өз ана тіліндей сөйлейтін адамдар сол тілді үйренушілерге шыдамдылық пен қонақжайлылықпен қарау керек. Бұл өте маңызды.

Тілді қарқынды, жедел игеруде ең басты ұстаным ол – қарқынды да оңай жүйелілік. Бұл нені білдіреді. Бұл кейбір тіл үйренушілер бар ынтасымен тіл үйренгісі келгенде, сағаттап отырып бір нәрсе үйренгісі келетіні жиі кездеседі.

Қалауынан тыс тілді ешқашан үйренуге болмайды. Өз қалауымен 5 немесе 10 минут ынта болуы мүмкін. Жүйелілік осы кезде көрініс табады. Бір күннің ішінде 1 немесе 2 сағатта тіл үйренудің жолын таба қоймайды. Егер бүгін табылған болса, ертең бұл жағдай болмауы мүмкін. Ал бір күннің ішінде бірнеше рет 2, 3, 5 минут бөлсе, онда ол әрқашан және бәрінен де пайдалы болады.

Егер таңертеңнен бастап біз ҮЙ сөзінің барлық түрлерін септеп, тиімді жалғау жалғап дағдылансақ, түстен кейін ол бізге жаттанды дағдыға айналады. Егер тіпті ас ішіп отырғанда, жүріп келе жатқанда, көшеден өтіп бара жатқан кезде 2, 3, 5 минут бөліп қайталасақ, онда бұл жағдай бір-екі күнде бір-екі сағат дайындалып, арада тастап кетіп, келесі жылға ысырып қойғанға қарағанда әлдеқайда пайдалы, өте тиімді тәсіл болып табылады.

Қажетті лексикалық қордың жиналуының қандай талаптары, қандай жолдары бар? Яғни, тілге тән не бар десек, мұнда бірнеше сәттерді айтуға болады. Әрине ең бірінші, бәріне, әрқашан, кез келген жерде қажетті минимумдарды айтамыз. Бұл сөйлеу әрекетінің 90%-ын құрайтын 300, 350 сөздер болып табылады. Сонымен қатар жүретін кезең ол тілді игерудегі даралап тіл табысу. Кез келген адам осы сөздер жиынтығын игергенде ең басында өзі жайлы айта алу керек. Мен барлығына ортақ бір нәрсені білуім керек, бірақ ең басында өзім жайлы көп айта алуым керек.

Мен басқа тілді үйреткен кезде шағын, қысқа презентацияларды қолданамын. Яғни, ең басында 1-күннен бастап мен кім екенімді, маған не қызықты, мен немен айналысам, қайда жұмыс істеймін, қайда тұрамын т.б. айта алуым керек. Себебі, біріншіден бұлар қарапайым тіркестерді тұжырымдап, құрауға мүмкіндік береді. Яғни, ең басында өзім білетін сөздік қордан сөз тіркестерін құрай алсам, мысалы, МЕН АЛМАТЫДА ТҰРАМЫН, осының өзі сөз тіркесінің ретін, есімдік пен етістіктің және септік жалғауының қосымшаларының жалғану жолдарын тек абстрактылы түрде немесе орындайтын жаттығуым ретінде емес, менің өмірімнің бір бөлшегі ретінде түсінуге мүмкіндік береді.

Адамға қатысты нәрселерде ең бірінші образ пайда болады. Мен өзім жайлы айтып жатқанда, маған ойдан шығарып немесе абстрактылы кейіпкерді ойлап табу қажет емес. Мұнда жадының, соның ішінде ұзақ мерзімді жадының тиімділігі артады. Тағы бір маңызды сәт, ол соңғы кездері біз әртүрлі озық инновациялық технологияларды меңгеріп, алға жылжып, ілгерілеп келеміз. Бірақ кейбір кездері бұлар біздің жадымыздың қызметіне кері әсерін тигізетін де тұстары бар.

Егер бұрын біздің кез келгеніміз 10 телефон нөмірін жатқа айта алатын болсақ, ал қазір тетікті бассаң болды, бәрі дайын. Бұрын бәріміз әріптердің жазылуында түрлі бейнелер шығара алатын едік, қазір тіпті қол қояр кезде де адамның күшінсіз-ақ жүзеге асыра аламыз. Ал тіл үйренер кезінде, мен әрқашан қолмен жазуға кеңес беремін. Себебін түсіндіріп кетейін. Мен шағын топтарға тренинг өткізер кезде, ешқандай қажетті заттарды алып келмеймін. Тіпті кестелерді шығарып, таратып беруіме болар еді, бірақ мен олай жасамаймын.

Әрқайсысы өз қолымен жазады, себебі, дыбыстық қабылдауда, көз арқылы қабылдау мен психиомоторлық қабылдауларды қиюластыру есте сақтаудың тиімділігін 16 есе арттырады. Бұл медицинада дәлелденген. Қағазда жазылғанды алып оқып бере салғанға қарағанда өте тиімді. Көп мөлшерде лексиканы игермесе де 16 рет естіп, көзбен көру арқылы, психомоторлық қиыстырулар тиімдірек болып табылады. Сондай-ақ, ең жоғарғы деңгейді меңгере отырып белгілі құрылымдарды қиюластыру барысында бірінші күннен бастап жылдамдықты арттыруымыз керек. Егер 10 сөз білсең, 20 құрылым жаса, ал 20 сөз білсең 30 құрылым жаса, себебі әрқашан алға жылжу геометриялық жолмен жүзеге асады.

Қарапайым мысал, біз айтқан етістіктің формалары, яғни, осы шақ, өткен шақ, болымды, болымсыз түрлері, сұраулы түрінің 2 нұсқасы жуан және жіңішке, осылардың өзі етістіктің 20 шақты түрленімін құрайды және есімдіктің кестесі, яғни сандық түрде 30 түрі 5000-ға жуық сөз құрылымын жасау әдісіне негіз бола алады. Іске сәт!



Баға беріңіз