Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Талабы ерекше жан

30.6.2017 3628

«Еліміздің ертеңі – жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп ­Елбасымыз айтқандай, болашағымыздың жарқын болуына ұстаздар қауымының қосар үлесі зор. Осы орайда, Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Д.Қонаев атындағы орта мектептің мұғалімі Олеся Бондарцева төрт тілді меңгерген ұстаз екенін атап өтуге болады. Жас маман Олеся Сергеевна аудандық шараларда мем­лекеттік тілде баяндама жасап, түрлі мерекелерде жүр­гізуші болып елдің ықыласына бөленіп жүрген жан.

Ол Д.Қонаев атындағы орта мек­тебінің орыс сыныбында оқыды. ­Оле­сяның мектепішілік, аудандық және облыстық мемлекеттік тіл байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленуіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Айша Әжібаева игі ықпал етті. Ол қазақ тілін жатсынбай, екі тілде де мүдірмей сөйлейтін қыздың ерекшелігін байқап, талабын ұштады. Үкілі үмітін арқалаған Олеся да алтын ұя мектебінен түлеп ұшып, Алматы қаласындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне түсіп, ағылшын және корей тілдері факультетін тә­мамдады.

– Мен 10-11 сыныпта Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопея­сын қазақ тілінде оқыдым. Өйткені, қазақ жерінде тұрғаннан кейін қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігімен әрі қазақтың мен біле бермейтін сөздерімен таныспақ ниетпен бар ынта-жігеріммен оқыған едім. Бұған еш өкінбеймін. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» дейді қазақ. Өмірлік жарымды таңдауыма да қазақ тілін білуім себеп болды. Қазақ отбасына келін болып түстім. Өмірлік серігім Нұрдәулет Болатбекұлымен қол ұстасып, Нұрәли және Әли атты ұлдарымызды тәрбиелеп келеміз, – дейді Олеся.

Әңгіме барысында ол ата-енесінің есімдерін атаудан бас тартты. Мен: «Көзі жоқтың өзі жоқ» деген сөз бар. Олар жоқта атауға болады. Айта ғой» дедім күліп. Ол күлімдеген қалпын жоғалтпай: «Жоқ, болмайды» деп басын шайқады.

Ата-енесі Болатбек Шәкіртбай мен Өзгеріс Байғали келіндерінің инабатты, үлкеннің алдын кесіп өтпейтін тәрбиелі жан екенін мақтанышпен айтады. Қазір Олеся Болатбеккеліні алты айлық ұлы Әлиді күтіп бағуда.

«Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» дегендей, қазақ, орыс, ағылшын, ко­рей тілдерін меңгерген Олеся ­Бон­дарце­ва­ның алар асуы алда екеніне сенімдіміз.

Тегтер: өзге тілдің бәрін біл, қазақ тілі, тіл

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

6318 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

5422 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

5313 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4