Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Мемлекеттік қызметшілерге сертификат табысталды

09.08.2016 2321
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді қазақ тілінің жаңа форматы бойынша оқытуды жүзеге асыруда.

Академия базасында 2016 жылғы маусым-қазан айларында мемлекеттік тілді кәсіби қызмет, күнделікті қарым-қатынас барысында жеткілікті деңгейде қолдана алмайтын 300 мемлекеттік қызметші, 4 лекпен (1-лекте – 65 адам, 2-лекте – 60 адам, 3-лекте – 75 адам, 4- лекте – 100 адам) 3 интенсивті-тренингтік және 2 қашықтықтан оқыту семинарларында біліктіліктерін арттырады. 2016 жылғы 13 маусым – 29 шілде аралығында «Ресми-іскерлік қазақ тілі», «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Сөз мәдениеті және іскерлік риторика» тақырыптарында интенсивті-тренингтік және «Мемлекеттік қызметшінің А1-А2 деңгейлерінде оқу, жазу, сөйлеуге жазбаша дайындық, тыңдап түсіну дағдылары», «Мемлекеттік қызметшінің В1 деңгейінде оқу, жазу, сөйлеуге жазбаша дайындық, тыңдап түсіну дағдылары» атты қашықтықтан оқыту семинарларын нәтижелі аяқтаған 1- лектің 65 мемлекеттік қызметшісіне салтанатты түрде сертификат табыстау рәсімі өтті.

DSC_0156

Пилоттық жобаның 1-легіне барлығы – 65, атап айтқанда, ҚР Конституциялық Кеңесінен – 3, ҚР Қаржы министрлігінен – 12, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен – 9, ҚР Жоғарғы сотынан – 9, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінен – 8, ҚР Қорғаныс министрлігінен – 6, ҚР Энергетика министрлігінен – 5, ҚР Ұлттық экономика министрлігінен – 3, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен – 3, ҚР Әділет министрлігінен – 3, ҚР Сыртқы істер министрлігінен – 3, ҚР Білім және ғылым министрлігінен – 1 мемлекеттік қызметші қатысты.

Жоғарыда аталған біліктілікті арттырудың интенсивті-тренингтік, қашықтықтан оқыту семинарлары халықаралық стандартқа негізделген, 65 мемлекеттік қызметшінің 98%-ы семинарларға қанағаттанғандығын, ресми стильде құжат құрастырудың, сараптамалық жазбалардың, көпшілік алдында сөйлеудің әдіс-тәсілдерін игеріп, жазу, сөйлеу дағдыларын меңгергенін көрсетті.

Тегтер: тіл,міндет,ұлт
Авторы: Абай Бекбаев

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

541 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ