Тіліміз бен тарихымыздан емтихан тапсыруы тиіс
– Елімізде миграциялық дағдарысты күтпей-ақ, оны реттеу мен Қазақстандық бірегейлікті қорғау жөнінде алдын алу шараларын қолға алу керек деп есептейміз. Ең алдымен, заңнаманы Конституцияға сәйкестендіру аясында, «Азаматтық туралы» заңында Қазақстан Республикасының азаматтығын сұраушыларға емтихан тапсыру туралы нормалар қарастырылуы тиіс, атап айтқанда Республика Конституциясы, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, мемлекеттік тіл саясаты жөнінде және тағы басқа. Бұл ұсыныс ешкімге ешқандайда дискриминация білдірмейді, бірақ ізденушілердің біздің халық пен мемлекетті құрметтеуіне тура келеді. Азаматтыққа құқық алу үшін емтихан тапсыру (Citizenship немесе Naturalization Test) Австралия, Австрия, Германия, Канада, Нидерланды, АҚШ, Израиль, Оңтүстік Корея сияқты көптеген елдерде қолданылады.
Депутаттың ортаға салған пікіріне қарағанда, кейбір мемлекеттерде емтихандарды азаматтық алғысы келгендер ғана емес, сонымен қатар, еңбек мигранттары немесе ұзақ мерзімге виза алушылар да тапсырады. Мысалға, Голландия мен Ресейде. Оның мақсаты – тілді түсінбеу немесе қалыптасқан дәстүрді білмеуден туындайтын жергілікті халықпен жанжалдарды болдырмау. «Біздің ойымызша, ұсынылып отырған бастама дер кезіндегі және Конституциялық реформаға сәйкес келеді» делінген.
Баға беріңіз