Сөз сандық

Қазақтың көне сөздері
Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 қараша, 2016

АБ (1) зат. парсы. Су. Қазақ тілінде біріккен сөздер құрамында сақталған. Мысалы, аб- кәусар (бейіс сусыны), шарап (жаман су), мұрап (су басқарушы), абкеш (суағаш, күйенте, кұрамыс, мойынағаш, мосыла, иін ағаш), абырой (бедел, тура мағынасы - беттің суы. Аброй төгілді деген тіркестен алғанда да сұйық нэрсе ғана төгіледі. Демек, “жеті насырым жерге кіріп, бетінің суы бес төгіліп” деген тіркес текке айтылмаған). (2) сын. Үлкен * Абжылан.

АБА (1) зат. Сыртқы жамылғы * Аба киген біреу көрінді. (2) зат. Көне түрікшеде 1) шеше 2) әке 3) аю. (3) зат. Мал қора, қаша. (4) зат. Қасқыр соғуда қолданылатын қауымдасып жалғап қуу әдісі. (5) сын. Үлкен. Қазақ киіз үйді “Бүғы, бұғы, бұғы ұзын. Бұтынан да қолы үзын, аба киік терісі, алтын қошқар мүйізі” деп жүмбақтайды.

АБАҒАЙ зат. Әкесінің ағасының балаларының үлкені абағай болады.

АБАҒАЙЛАУ ет. Атойлау, андағайлау, бұлағай салу, айбар шегу * Барады жай отындай абағайлап (“Қаһарман қисасы”).

АБАДАН (1) зат. көне. Қасқыр әуегінің көсемі, арланы, ауысп. сын. Күшті, абылан, мықты → Қолшыл * Абадан арлан. (2) сын. Гүлденген, абат (Иранда Абадан атты қала да бар).

АБАЖА зат. Кебеженің үлкен түрі. Дүние-мүлік салатын сандық тәрізді ыдыстың қазақша атауы едәуір көп. Мысалы, борман, бөгіре, абдыра (әбдіре), сандық, кеусандық, әрже, абажа, асадал, кебеже, лары, жағылан, кебежік, қобди, шеңгелек, жағдан, қобылы. Көне түрікшеде “үкек” деген атау да кезігеді.

АБАЙ-ҚОҚАЙ зат. Қоқан-лоқы, айбар-қоқай.

АБАҚ (1) зат. Аудың түбіндегі дорба. (2) зат. Абақты * Сухарды беріп тамаққа, апарып жауып тастаған алтын кілтті абаққа (“Қобыланды батыр”). * зат. араб. Ата, ата-баба (көне түрікшеде ру сөзі омақ делінеді. * Он екі абақ керей (үйсінде де жеті ата абақ бар). (3) зат. Жылым аудың екі басына байланатын қысқа ағаш. Мұны “кіләш” деп те айтады.

АБАҚЫ зат. көне. Қорадағы малды тіл-көзден, сұқтан қорғап тұрады деп қойылатын қарақшының бір түрі.

АБАЛАҚ зат. көне. Құбыжық, бөкі, үбіжік, мөкей (қорқынышты нәрсе).

АБАМ сын. көне. Әбет, мәңгілік, бақи, бағи.

АБАНА зат. көне. Ағайынды балалардың жас жағынан үлкені.

АБАТ (1) сын. парсы. Бақтиярлы, берекелі * Абат елді ала айран етті (2) зат. Егінжай.

АББАР сын. Ұзақ —> Керік; сыпыра, суыт * Аббар көшіп шет қонған, жау алдына бет қонған (Шалкиіз жырау).

АБДАН (1) сын. Дилы —> Абадан * Арыстан көп, абданы біреу. (2) зат. Арыстанның баласы. Теңбілше деп те аталады —> Қаншыр.

АБДАР сын. парсы. Жарқын —> Ақжарылқап. ауысп. Әдемі.

АБДАСТА зат. көне. Алжапқыш * Пияласы қолында, абдастасы белінде (“Қобыланды батыр”).

АБДЕСТЕ зат. парсы. Құман * Абдестесі қолында, орамалы қарында (абдест - дәрет алу).

АБДЫРА зат. Әбдіре (Сандықтың үлкен түрі). Атау көне түрік тіліндегі абыд (жасыру, тығу) деген сөзден шыққан.

АБДЫРАУ ет. Абыржу, апырақтау, сасқалақтау, сасу, қысылу, дебдіреу —Аңыраңдау.

АБДЫРАУЫҚ сын. Апырақ, сасқалақ, жеңілтек, алаңғасар, аусар, ауым-сауым, албурын, албырт, дегбірсіз, далдыр, дәлдүрке, дайыс, далду, далдың, делбе, албыт, алғырт, алапы, алапыр, т.б.

АБДЫРИЯ зат. Жастықтың астына қоятын ағаш.

АБЕТАЙ сын. Таза, тазалыққа мықты әбетай * Абетай кісі.

АБЖАУҚЫН зат. (1) Жеңіл ас, бейресми (мезгілсіз) тамақ. (2) Болмашы, азғантай, мардымсыз * Абжауқын ауқат.

АБЛАНҚЫ (1) зат. Кебе, марқақозы, абылаңқы, көрпелдес. (2) Қазақ жеріндегі иттің бір түрі. Иттің бұл түрінен қасқыр алатын “бөрібасарлар” көп шығады.

АБЛЫҒУ ет. Лепіру, көңілдің шаттықтан көтеріліп, алып ұшуы (жошуы), леку, алап үру, дәсерлеу; алқыну, жүрегі лобылу, дейілдену * Аблыққан көңіл толық басылмай тұр, бұл үйде адам бар ма сөйлескендей (Базар жырау).

АБРА зат. көне. Арпа. Бұл сөз қазір жер аттарынан кезігеді * Абралы таулары.

АБҰС зат. көне. Балауыз.

АБЫҒУ ет. Алқыну, солықтау, демігу, ентігу, танаулау, аблығу, танаурау.

АБЫЗ зат. (1) көне. Білімді, білгір, білікті * Сырты абыз бар, желқабыз бар (Абай). (2) Қорғаушы, сақтаушы (араб, хафез) * Сақтаса Құдай Тағала пәле болмас, баяғы абызына аман жетті (“Ғашықтық жырлары”). * Ертедегі шаман дінінің лауазымы. ауысп. Сәуегей, көріпкел, балгер* Ей, абыз, қобызыңды тарт, балыңды аш («Еңлік-Кебек»). (3) Ырық, билік, қабыз *Ол соның абызындағы адам.

АБЫЛ зат. араб. Әке, ата. Қазақ тілінде “абыл” түрінде кісі есімдерінде жиі кезігеді. Мысалы, Абылхан (хан әкесі), Жанабыл (әкесінің жанындай көретін баласы), т.б.

АБЫЛАЙША зат. Керегесіз, уақытша тігілген шағын үй, қос. Мұны “Абылай қос” деп те айтады.

АБЫЛАН сын. Күшті, мықты, абадан → Қолшыл.

АБЫЛАУ ет. Аңды жан-жағынан айнала қоршау.

АБЫЛАҢҚЫ (1) сын. Сөзуар. (2) зат. Ерте туған төл, абланқы.

АБЫЛЫҢҚЫ сын. Абылыңқы-сабылыңқы, абыр-сабыр → Алас-күлес.

АБЫН сын. Тықыр * Абын жүн (қойдың сирақтарында, құйрығы мен құрсағында өсетін тақырлау жүн).

АБЫРҒА зат. көне. Ерте заманғы түріктердің саз аспабы.

АБЫСТАЙ зат. Жеңгетай * Абыстайлар Ажарды таба алмай келді.

АҒАЙРАҢ сын. Ағылжым, ағылдыр, ақша, ағарыңқы, ақшаңқан, баят, ағырақтау, ақшыл, алаңғыт, ақшылтым, ақшулан, ағырақ, қылаң, т. б * Ағайраң қабат.

АҒАЛДАНУ зат. Ауру → Бейтаптану.

АҒАРТЫҚ зат. Ақжем, бөртөбе, бөртпе. Ағартық құстың етін төмендету және ашқарақтандыру үшін, тартпа, толарсақ дейтін жемдер құсты ширықтыру үшін, тоят пен қансоқта құсты семірту үшін беріледі.

АҒАС зат. Су орып кеткен жер, жыра.

АҒАУЫЗ (1) зат. Жараның бір түрі * Қолына “ағауыз” шығып жүмысқа бара алмады ('Шығанақ”). (2) зат. Балықтың бір түрі. Мұны “мөке” деп те айтады.

АҒБЫТУ ет. Аптығу, абыну; абдырау, аптығып-үптігу * Ағбытпа ханым күннен соң, сіздің естен кеткенмен, біздің естен кеткен жоқ (Жиембет жырау).

АҒДАРҒЫЛ сын. Тілмәр, шешен , ақдарғыл —► Айтқыр.

АҒЗАМ зат. араб. (1) Ұлық. ауысп. Қадірлі, құрметті. (2) сын. көне. Аса мәртебелі, алдияр.

АҒИМА зат. Ақ түсті қымбат кездеменің аты.

АҒИМА ШЕКПЕН зат. Ақ тайлақтың жүнінен тоқылған шекпен.

АҒЛАМЛАУ ет. Белгілеу, анықтау.

АҒЛҰП зат. Жетек, тәрте, арыс, оқтық.

АҒМАЛ зат. (1) парсы. Әжет, кәде, қолданыс. (2) араб. Ғамалдар, оң істер.

АҒТИҚАТ зат. Сақтық, абайшылдық, қырағылық.

АҒУ зат. көне. У, заһар (йұғыршада аға – αγα делінеді); ащы, кырақ.

АҒУА зат. көне. Уағыз, үгіт, насихат —► Аусапы.

АҒУАЛАУ ет. (1) Уағыздау, үгіттеу. (2) Азғыру, әрбілеу, әстесілеу.

АҒУЛАУ ет. көне. Улау, заһарлау.

АҒЫЗБАҚТАЙ үстеу. Желдірмелей, суылдай* Ағызбақтай сумаңдап.

АҒЫЛА (1) зат. Шешенің әпекесі. (2) сын.араб. Озат, озық* Орнатқан ағыласын алтын тақтың («Дастандар»).

АҒЫЛЕСКЕЙ зат. Кездеменің бір түрі.

АҒЫЛЕСКЕР сын. Қыл қабатын өткір* Ағылескер алмас ұстара. ауысп. Айтқыр, шешен, сөзуар, тілмар, ағдарғыл, ақдаңғыл * Сөзге ағылескер.

АҒЫЛЖЫМ сын. Ақшылтым —► Ағайраң.

АҒЫН сын. көне. Адуын, дуайпат, аду, өр, дүлей.

АҒЫНУ * Жалыну, жалбару, жалпаю, жадат ету . Әуелі кұдай ағындым, ата-анамды, сағындым (“Батырлар жыры" ).

АДА (1) сын. араб. Жұрдай, тұлдыр, құр алақан, мақұрым, тақияда тамтығы калмаған, Мал дегеннен ада (ада сөзінің ұясындағы адалау, адақтау, ада қылу деген сөздер арылу, түбегейлеу, бітіру, тамамдау, аяқтау, қатым ету, тауысу, түгету, тындыру, тиянақтау, caп қылу деген мағынада, ада-күде, ада-жұда деген сөздер біржола, кұлан таза, мүлде деген үстеулік ұғымда қолданылады). (2) зат. көне. Апат, қатер, бақытсыздық.

АДАҒАЙЛАУ ет. Айғай-шу көтеру, сүрен салу, бажылдау, байбаламдау, шарқылдау, шырқырау, шырылдау, шабалану, паяпарлану, қиқулау, өңешін жырту . Түстік жер хан ауылына келген жерде, кеп жетті жасауылдар адағайлап ( «Қыз Жібек» ).

АДАЙ (1) зат. көне. Балапан. ауысп. Бала, перзент. (2) сын. Аяулы, ардақты.

АДАҚ (1) зат. көне. Аяқ. ауысп. Соңы, ақыры. Адақтау - аяқтау, ақырлау (2) сын. Пәк, әділ, етегіне намаз оқыған —►бөде *Жер бетінен жойылсын да қиянат, шертілсін бір ақ ниетті күй адақ («Шұғыла» ).

АДАМЖУА зат. Пияз.

АДАНАС зат. көне. Туысқан, бауырлас, сойлас, тектес, нәсілдес.

АДАСҚАҚ сын. Адасқыш, қателескіш, жаза басқыш.

АДАШ зат. Дос, еш, серік → Әмпей.

АДБАН зат. көне. Бағынышты ел-жұрттан алынатын алым-салық.

АДЖ зат. Піл тісі, дандан * Айқаста піл адж аталатын тісін жұмсайды («Бабырнама» ).

АДУ сын. Адуын, өр, өжет, ағын, дуайпат.

АДЫН: АДЫН ЛЕП Ыстық дем, леп.

АДЫҢ-КҮДІҢ сын. Арсы-күрсі → Арсың-күрсің * Адың-күдің адам.

АДЫР зат. (1) Быдырқай, бел-белес. (2) Түйе қамыт. * сын. Асау (жылқы). ауысп. Ожар, ұрт, ұтын, шәлкес, шәргез, дүлей, шақар, дүкірт, дөндік, нойыс, шәңгі, қотиын, тасыр, қожаңшыл, делқайыр, доланкесер, оспадар, дүңк, дұңқ, шодыр, шадыр, ұрдажық, дүйт, түкіс, тасырак, мешер, одыр, одырақ, мыжық, месер, ұрма, ұркөппе, тасыраңбай, айғайбоз, сойқы, кеудемсоқ, кеңкелес, әпербақан, салсойыл, судай суық оттай тентек.

АДЫРА (1) сын. Жетім. “Адыра (әдіре, әдірем, шедірем) қал” деген тіркес асылында жетім қал деген мағынаны береді. (2) үстеу. Айрыла, бөліне * Адыра шыққан бадал ма, мал- жаныңыз аман ба? Сіздер сұрап тұрғанда, айтпай тұрар заман ба? (“Қазақ ертегілері ”).

АДЫРАН үстеу. Сирек * Артқылары адыран —* Алақаудан.

АДЫРМАҚ зат. Быдырқай ұсақ адыр, бұйрат, белегір, белетен, белеңгір, бақы, шоқалақ, қырқашық, кырқа, қыраң, жалас, жалша, қыраш, қырқасын, бөртек т.б.

АДЫРНА (1) зат. Қазақтың көне үрлемелі музыка аспабы. (2) Садақтың негізгі бөлігінің атауы. Оны ағаштан, сүйектен, мүйізден иіп құрастырады. Иіп тартып байлаған жіпті “кіріс” немесе “қандіке” дейді.

АДЫРНАЛЫ сын. Етек баулы * Адырналы бек сауыт екі батыр ки деді (“Батырлар жыры”).

АЖА зат. Ауылдың сыйлы, құрметті үлкен адамы не әмірші (Енесай қырғыздары билеушісін “ажо” деп атаған) * Ай дер ажа, қой дер қожа жоқ (Мәтел).

АЖАҒАЙ зат. Нажағай (қазақ мифологиясында ажағай көк тәңірінің қолбасы батыры деп аңыздалады) * Ағын су ажағайдың отын шашып.

АЖАҒАЙЛАНУ ет. Құшырлану → Әстемсу * Туыс деген осы деп ажағайлана сөйледі.

АЖАН зат. франс. Сақшы, айдауыл * Ажанның қолына тапсырып түрмеге жөнелтті (С.Шарипов).

Мұны ажантай деп те айтады * Қылмыскерді алып жүретін ажантайлыкқа екі жігіт тағайындалды (“Шұғыла”).

АЖУ ет. Тозу, қажалу * Есік ажыған екен.

АЖУАН зат. Торғай тәрізділер отрядына жататын құс.

АЖЫҒҰНЫҚ сын. Бері жығыл десе, ары жығылатын қыңыр (адам).

АЖЫЛДАУ ет. Азынау * Жел, дүлей жел ажылдап дем алады (Ә. Сәрсенбаев).

АЖЫН зат. (1) Көне тұлғасы - ажұн. Әлем, жақан. (2) Туыстық қатынасты білдіретін ұғым. Ағаның әйелі інінің әйеліне “абысын”, інінің әйелі ағаның әйеліне “ажын” болады.

АЖЫНА зат. миф. Тіршілік атаулыға қас көрінбейтін күш иелері * Жындар мен ажыналар. 

АЖЫРҒЫ зат. (1) Жауыр жылқының мойнына байлайтын ағаш. (2) Масқаралау үшін мойнына кигізілетін мойынтұрық. ауысп. Құлдық бұғау.

АЖЫРЫМ зат. Айырма, айырым, айырмашылық, айырмақ, айырмыш.

A3 зат. көне. Қазақша жыл басы; жаздың бірінші айы.

АЗА зат. (1) араб. Кісісі өлген үйге малдай не заттай апарылатын жәрдем * Азаға салғаным деп Зере мен Ұлжан түйе апаратын болды (М. Әуезов). (2) Қазаға қайғыру - аза тұту, аза қылу, аза байлау, аза күту, азалану, азалы болу. * Бүтін, бүкіл, өн, тұла, ала * Аза бойы қаза болды (тұла бойы түршікті). (3) Мехнат, бейнет * Азасын тартты →Ауырмалық. (5) көне. Жын (зұлым рух).

АЗАБАН зат. Қасиетті шипа су.

АЗАБЕКІР: АЗАБЕКІР БОЛУ Азар да безер болу, ақ безер де көк безер болу; зерезеп болу, березеп болу, запыс болу, зәтте болу, ығыр болу, мезі болу, ақиық болу, т.б.

АЗАЙЫНҚАНДЫҚ зат. Тағдыр болжаушылық.

АЗАЛ зат. Тағдыр, бұйрық, жазмыш * Лайықсыз деп кім айтар, жазылса сізбен азалым.

АЗАНҒЫ сын. Таңертеңгі * Азанғы шай.

АЗАНШЫ зат. (1) Мәзін. (2) Айғайшы, хабаршы * Ала қарға - азаншы, қара қарға - қазаншы (Мақал).

АЗАР үстеу. (1) Әрең, зорға, әзер, әрең дегенде, әзер-мәзер, әзер-ақырт, ес кетіп жан шыққанда, өлдім-талдым дегенде, әрең-пәрең, аупырым, әрең-мәрең, алман-талман * Үш тәулікке азар жетті. (2) Азар болса - мықтағанда, мықтаса, ары кеткенде, асып кетсе, қиын қылғанда. (3) зат. Азап, тәзір; қорлық * Азар берді. (4) сын. Алмайтын, қабылдамайтын * Тілазар.

АЗАРЛАНУ ет. Ыза болу - Атырыну * Артықша азарланып ашу қысты (“Рүстем- дастан ”).

АЗАТБАС зат. Керегенің артық тұрған сыңар басы.

АЗБАР зат. (1) Қора ішіне салынатын оңаша кішкене қора. Онда көбіне қараңғылап мал бордақылайды. Кей өңірлерде ашық қораны немесе ат қораны азбар дейді. (2) Құрал-сайман, аспап* Жұмысты адам емес, азбар істейді (Мақал). (3) ұстаның жұмыс үйі.

АЗБЕНІШ зат. Талшық, нэпақа * Оның алданышы, азбеніші - ораза ашары.

АЗБЫНША үстеу. Аз-маз →Азын-шұғын * Азбынша сәлемдемемді қомсынбай ала тұрыңдар.

АЗҒАҚ сын. Арығыш —» Азымтал.

АЗНАУЫР зат. Мырза (“Оғызнама”).


Баға беріңіз