Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АНОНС

10.8.2016 2703
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы тамыз айының 22-26 күндері Батыс Қазақстан облысында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтардың арасында мемлекеттік тілді насихаттау аясында ісшаралар өткізеді.

Жоба орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін насихаттауға арналған. Ол Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі болып табылады. Жоба аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қазақ тілінің мол мүмкіндіктері жөнінде де әңгіме болады.

Соған орай, жоба аясында мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге байланысты кездесулер өткізіледі. Осы кездесулерде тілдің мемлекеттік мәртебесі және оны қазақстандықтардың барлығы меңгеруі жөнінде дәрістер оқылады, пікір алмасулар ұйымдастырылады.

Жоба орыстілді азаматтардың мемлекеттік тілді барынша құрметтеуге, меңгеруге деген ынтасын арттыруға үлес қосады.

Жоба аясында Орал қаласы мен аудандарында кездесу, дөңгелек үстел, көрме ұйымдастырылады.

Тегтер: орыстілді азаматтар, мемлекеттік тілді насихаттау, мемлекеттік тіл мәртебесі, тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

541 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ