​Қайым есімі көшеге беріледі

Семей қаласы мəслихатында бұрынғы Интернационал көшесін аса көрнекті ғалым, абайтанушы, Абай мұражайын құрушы, Алаш қайраткерлерінің ізін жалғаушы Қайым Мұхамедхановтың атына ауыстыру мəселесі қара...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 қараша, 2016

Қала басшылығы, мəслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан тыңдау барысында тұрақты комиссия мүшелері көшеге ғалымның есімін беруді қолдады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазады.

Биыл бірқатар өңір зиялылары ғалымның атымен өзі еңбек еткен Семей қаласындағы көшені атау туралы ұсыныстарын жеткізген болатын. Бұған дейін ғалымның атына ауыстырылмақ болған Шмидт көшесіне Қайым Мұ- хамедхановтың ұрпақтары мен семейлік зиялылар қарсылық білдірген еді. Олар аталған көше қалтарыс қаға берісте, елеусіз əрі кішкентай көшелердің бірі деген уəжді алға тартқан болатын. Ал Интернационал көшесі қаланың орталығында орналасқан.

– Жергілікті ономастика комиссиясы 2013 жылы таратылғандықтан, тұрақты комиссия мүшелерінің дауыс беруімен мəслихат хаттама толтырып, оны жергілікті атқарушы билік өзінің ақпараттық ресурстарында жариялайды. Бұдан кейін ол облыстық жəне республикалық ономастикалық комиссиялардың қарауынан өтуі тиіс. Үкімет қаулысымен толығымен бекітілген соң ғана көше атауы заңды болмақ, – деді бұл турасында Семей қаласы мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Толқын Берікбекова.

Биыл өңірде Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойы аясында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Жыл басында Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ғалымның электрондық библиогра- фиясының тұсаукесері өтсе, Семейде «Қазақтың ұлы Қайымы» атты танымдық кеш ұйымдастырылған болатын.


Баға беріңіз