Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАР ӨТТІ

2.11.2023 813

2023 жылғы 2 қараша күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу» жобасы бойынша қорытынды семинар ұйымдастырды.

Іс-шараны Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек кіріспе сөзбен ашты. «Қазіргі уақытта салалық терминдердің түрлі баламада қолданылуы, қоғамда түрлі нұсқаларының қатар жүруі, тіпті кейбір терминдерді жұртшылықтың қабылдай алмауы қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру жолында қиындық келтіріп жүргені жасырын емес. Бүгінгі бас қосу осы бағыттағы ғылыми-практикалық мәселелерді зерделеп, қол жеткен нәтижелерді саралап, кемшін тұстарымызды көрсетуге арналған»,– деп атап көрсетті.

Қорытынды семинарды Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай жүргізді. Ғылыми басқосуда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының доценті Қарлығаш Айдарбек «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу жұмысының нәтижелері» туралы жан-жақты талдап көрсетсе, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Шапағат Жалмаханов «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу» жобасының мәселелері төңірегінде ой өрбітті.

Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кенжетай Күркебаев «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу бойынша ұсыныстар» туралы сөз қозғаса, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Ысқақ «Мониторинг жүргізу жұмыстарының сапалық қорытындысы» бойынша түйінді пікір білдірді.

Тегтер: ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

542 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ