Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АҚТӨБЕДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

30.10.2023 634

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету, озық тәжірибені зерделеу, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық әдістемелік онлайн семинар өткізді.

Еліміз көлеміндегі басқосуда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қосымша білім беру бөлімінің бастығы Талапова Гүлнәр Маратқызы «Қазақ тілін үйренудің 10 тәсілі» туралы сөз қозғаса, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Мұканбаева Жұлдыз Бақытбекқызы «Мемлекеттік тілді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» жөнінде әңгімеледі.

Бұдан басқа Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Есімова Әйгерім Есетқызы «Мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі: жобалық жұмыстар» хақында ой бөлісіп, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Омарова Жанар Әділқызы «Тіл үйретудегі айтылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер» төңірегіндегі өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында алғыс хат пен сертификаттар табысталды.

Тегтер: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

187 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

214 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

540 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ