Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

26.9.2023 579

2023 жылғы 26 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу» жөніндегі тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы дайын өнімдерді іріктеу мақсатында сараптама комиссиясының отырысын өткізді.

Қазақстан Республикасында Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, шығару жәнетаратуды» жүзеге асыру мақсатында ұсынылған оқу-әдістемелік құралдардың ішінен үздіктерін іріктеу үшін арнайы құрылған сараптау комиссиясы бірден жұмысына кірісіп кетті.

Әділін айту керек, еліміздің түкпір-түкпіріндегі Тілдерді оқыту орталықтары әдеттегідей белсенділік танытып, бұл жолы мемлекеттік тілді оқытуға арналған 30-ға жуық оқу-әдістемелік өнімді сараптама комиссиясының талқысына ұсынды. Әсіресе, Павлодар, Қызылорда, Алматы,Қостанай, Жетісу, Абай,Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстары қызу атсалысты. Сондай-ақ еліміздің жеке тұлғалары мен басқа да мүдделі мекемелер бақ сынасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жылдан-жылға ұсынылған өнімдердің санымен бірге, сапасы да жақсарып келе жатқан көрінеді. Енді іріктеуден өткен бұл туындылар кітап ретінде баспа жүзін көретін болады.


Тегтер: САРАПТАМА КОМИССИЯСЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

541 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ