Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

25.9.2023 524

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Тілдер айлығы» шеңберінде және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты облыстық жас ақындар мүшәйра конкурсының марапаттау рәсімін өткізді.

Конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жыр додасына облысымыздың қала, аудандарынан келген үміткерлер өз бақтарын сынады. Әділқазылар алқасы 13 қатысушыны конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Бәйгеде Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің ІІІ курс студенті Жәнібек Есенкелді өз қарсыластарынан озып, І жүлделі орынды иеленді. ІІ орынға Железин ауданы, Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқанова Сәния, ІІІ орынға Шарбақты ауданы, Торайғыров университетінің студенті Сара Авдол ие болды.


Тегтер: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

541 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ