Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АБАЙ ИНСТИТУТЫ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӨРЕЛІ ІСТЕР

22.9.2023 760

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:«Достар, бізде мынадай әдемі жаңалық! Орталық құрамындағы «Абай институтының» әлеуетін арттыруға күш салып жатырмыз. Өз алдына мақсаттарын айқындап, іргелі жұмыстар бастадық. Болашақта Гете, Юнус Эмре институттары деңгейіне көтерсек дейміз».

Шетелдегі қазақ диаспорасына қазақ тілін үйрету – институттың негізгі міндеттерінің бірі. Институттың тіл үйрету бағыты осыдан үш жыл бұрын бастау алған болатын. Бастапқыда бес офлайн сынып ашылған болса, бүгінде оның саны екі есеге өсті.

Ресейдің Омбы, Польшаның Варшава қалаларында биылғы маусым айынан, Моңғолияның Ұланбатыр, Иран Республикасының Горган қаласында шілдеден, Түркияның Анталия қаласында тамыздан бері оқыту жүріп жатса, Түркияның Ыстамбұл, Францияның Париж, Аустрияның Вена, Мажарстанның Будапешт қалалары мен АҚШ-тың Калифорния штатында қыркүйек айынан бастап оқыту толыққанды жүруде.

Сабақтар «Тіл-Қазына» орталығы жарыққа шығарған шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулықтармен өткізіліп жатыр.

Оқытушылар жыл сайын арнайы біліктілік курстарына қатысып, өздерінің тіл оқыту әдістемелерін жетілдіріп отырады. Сонымен қатар, біз шетелдегі оқытушыларымызбен бірлесе қазақ тілі оқулықтарын жазу тәжірибесін тұңғыш рет қолға алдық. Биыл соның алғашқы нәтижесі – «Түрік азаматтарына арналған қазақ тілі оқулығының» А1 деңгейін ұсынбақпыз. Келесі жылы да бұл тәжірибе жалғасып, шетелдік азаматтар үшін бірнеше оқулық жарық көрмек.

Тегтер: Абай институты
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

542 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ