Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

22.9.2023 446

Елордада Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған әскери қызметшілер арасындағы «Тіл – татулық тірегі» байқауының қорытындысы шығарылды. Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен қазақ тілі білгірлерінің сайысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелері арасындағы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп аталатын айлықтың шешуші кезеңі болды.

Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту, әскери қызметшілерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жеке құрам арасында әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайту, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін, өнерін, мәдениетін дәріптеу.

Байқауға қатысушылар мемлекеттік тілді еркін меңгергендіктерін көрсете білді. Шығармашылық сайысқа Қарулы күштердің түрлері мен құрылымдық бөлімшелерінен бес адамнан тұратын алты команда қатысты. Олар – «Арыстан» (55765 әскери бөлімі), «Жерұйық» (Құрлық әскерлері), «Әуе қырандары» (Әуе қорғанысы күштері), «Тәртіп сақшылары» (Әскери полиция), «Жалын» (Әскери колледж) және «Алаш» (Десанттық-шабуылдау әскерлері).

Байқау бес балдық шкала бойынша бағаланған үш кезеңнен тұрды. «Өлең – сөздің патшасы...» деп аталатын бірінші кезеңде белгілі қазақ ақындарының шығармаларынан алты шумақ өлеңді жатқа оқу қажет болды. Келесі кезекте «Үй тапсырмасы» тексерілді. Онда командалар көрермен назарына сахналық көріністер ұсынды. Үшінші кезеңде өнерпаздар әр ұлттың ұлттық киімдері мен мәдениетін көрсете отырып, ән немесе би орындады.

Командалардың бөлінген уақытты қатаң сақтауына, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде еркін және таза сөйлеуіне, өлеңді мәнерлеп оқи білуіне және мәтіннің көркем идеяларын аша білуіне, сондай-ақ сахна шеберлігі мен мәдениетіне ерекше назар аударылды.


Тегтер: ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

542 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ