АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!
2023 жылғы 17 қарашасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Мектеп оқулықтары: пән терминдерін жетілдіру және біріздендіру» тақырыбында онлайн режимде республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша мектеп оқулықтарындағы терминологиялық аппаратты талқылау және оны ретке келтіру жолдарын ұсыну.
Конференция жұмысына отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар, жас ғалымдар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, тіл жанашырлары қатыса алады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Мектеп оқулықтарында жаратылыстану бағыты пәндері бойынша терминдердің қолданылу жай-күйі;
2. Мектеп оқулықтарындағы терминологиялық лексиканы ғылыми мәтіндер корпусына енгізу және оны қолдану мәселесі.
3. Мектеп терминологиясын жетілдіру (әдістемесін жүйелеу).
Мақалалар 2023 жылдың 27 қазанына дейін қабылданады және конференция материалдары электрондық жинақ ретінде «termincom.kz» сайтына орналастырылады.
Жарияланым тегін.
Мақалаларды k.karlygash@tilqazyna.kz электрондық мекенжайына жіберу керек.
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сауран, 7а көшесі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы.
Байланыс телефондары: 8(7172) 27-30-42; +77477029797; +77023840277; 8(7172) 74-14-97.
Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға өтінім | |
Қатысушының толық аты-жөні | |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) | |
Жұмыс орнының толық атауы | |
Қызметі | |
Мақаланың тақырыбы | |
Байланыс телефоны | |
|
ІІ. ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Мақала мәтіні (3-5 бет көлемінде болуы тиіс) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен жағынан – 2,0 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25 см) жазылуы тиіс.
Келесі жолдың ортасында мақаланың тақырыбы қою шрифтімен жазылады. Бір жолдан кейін автордың аты-жөні толығымен жазылады. Келесі жолда ұйым, қала атауы, автордың электронды поштасы курсивпен жазылады. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады.
Мақала мәтініндегі библиографиялық сілтемелер әр бетте төртбұрышты тік [1; 23] жақшаларда беріледі, олардың тізімі соңында мәтінде берілу ретімен ресімделеді. Беттер нөмірленбейді. Файл автордың тегімен аталғаны дұрыс: Жақсылықова_мақала.
Мақаланы ресімдеу үлгісі:
Салалық терминологиядағы терминжасам жолдары
Мақсұт Оразгүл Мақсұтқызы
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қ., latyn_@mail.ru
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1; 85].
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [2; 312] мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Түймебаев Ж., Ескеева М. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінің морфологиялық жүйесі (VI-IX ғ.). – Алматы, 2016. – 368 б.
Баға беріңіз