ҰЛТ ҰСТАЗЫНА АРНАЛҒАН КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында Атырау қаласындағы №23 А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте ұлтұстазы, қазақ лингвистикасының ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынұлына арналған кабинеттің с...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 қыркүйек, 2023

Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Н.Ермұханов, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Қадыр Жүсіп қатысты.

Жиналғандар қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушының өмірі мен еңбегін атап өтті. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы «Ахметтану» ілімін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ашылған кабинетке Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жазылған таңдамалы шығармалар жинағын сыйға тартты.





Баға беріңіз