Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТІЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

13.9.2023 380

Алматы облысы, Кеген аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Тіл фестивалі-2023» өтті. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл ахуалына жете көңіл бөлу және тіл саясатын іске асыру болып табылады

Іс-шараның ашылуымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің лингвистикалық басқармасының бас сарапшысы Жанар Асанова, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев құттықтады.

Тіл фестиваліне арнайы шақырылған қонақтар: күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбеков, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Ахметов, облысымызға танымал, зиялы қауым өкілдері Қалимолда Байболов, тіл жанашыры Кәмнұр Тәлімұлы, дінтанушы, тіл жанашыры Керімбай Санжар, Айбек Нәби, сонымен қатар аудан, қала әкімдерінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, тілге жауапты бөлім басшылары мен мамандары, ұйым төрағалары мен төрайымдары, жастар өкілдері қатысты.


Шара барысында еліміздегі тіл саясатын іске асыру барысында аянбай еңбек етіп жүрген тіл жанашырлары ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің және Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары, алғысхаттарымен марапатталды.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, атақты «Көңіл толқыны» күйінің авторы, күйші Секен Тұрысбековтың сүйемелдеуімен Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония жанындағы «Ақжауын» ансамблі өнер көрсетті.

Тегтер: Тіл фестивалі-2023
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

257 Ақпарат

АБАЙ ИНСТИТУТЫ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӨРЕЛІ ІСТЕР

220 Ақпарат

АЙТЫЛЫМ МЕН ЖАЗЫЛЫМ

204 Ақпарат

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ