Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ОРАЛДАҒЫ ОРДАЛЫ ІСТЕР

12.9.2023 364

Жақында Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – тұтастық туы» атты тілдері фестивалі өтті. Тіл мерекесі «Ғасыр жастары» жастар театры өнерпаздарының қатысуымен «Ұлылардың ұрпақтары» театрландырылған қойылымымен басталды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңірде мемлекеттік тілдің қолдану аясы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті.

– Біздің облыста 700-мыңға жуық адам тұрады. Оның 22 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Жыл сайын қазақ тілін білуге талпыныс білдірген өзге этнос өкілдерінің саны артып келеді. Облыс әкімдігінің тапсырмасыменмемлекеттік тіл үйренгісі келетіндер тегін оқытылуда. Бүгінде балабақшада бүлдірішіндеріміздің 80 пайызы мемлекеттік тілде тәрбиеленсе, мектеп оқушыларының 70 пайыздан астамы қазақ тілінде білім алуда, – деді Бақытжан Нарымбетов.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мамандарының берген мәліметіне қарағанда, облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген немесе мән-мағынасын жоғалтқан 5 ауданның, 110 елді мекеннің, 1886 көшенің атаулары өзгертілген. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жыл сайын мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары жүргізіліп келеді. Биыл аталмыш курстарға 1400 тыңдаушы қатысқан. Басқарма жанынан құрылған «Сөйлеtime» клубының мүшелері мемлекеттік тілді оқыту курсы мұғалімдерімен бірге әлеуметтік нысандарға барып, мемлекеттік тілде қызмет алу бойынша қарапайым диалог құруды үйретуде.

– Мектеп оқушыларының ономастика саласындағы бастамалары мен зерттеу идеяларын ынталандыру мақсатында «Мен тұратын көшенің тарихы» атты облыстық акция өткізілді. Өзге этнос өкілдері болып табылатын мемлекеттік тілді жетік меңгерген студенттер арасында, сондай-ақ, орыс тілін меңгерген қазақ жастарын анықтау және қолдау мақсатында шаралар ұйымдастырылды. «Тіл шебері», «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқаулары өті. «Ілеспе аударма: теориялық негіздері мен практикасы» атты шеберлік сағатын филология ғылымдарының кандидаты, ілеспе аудармашы Камал Әлпейісова жүргізді. «Ұлттық код – рухани жаңғыру негізі», «Шежіре – ұлттық тарихтың бір тармағы» тақырыптарында семинар болды ,– деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Света Ғаниева.

Салтанатты шарада бір топ тіл жанашырлары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.


Олардың қатарында Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалым-әдіскері Талап Таймасұлы және басқалар бар.

Бірқатар тіл жанашырлары Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің және облыс әкімінің алғысхатына ие болды.

Сондай-ақ «Мен қазақша сөйлеймін» облыстық акциясының жеңімпаздары алқа алдына шықты. Аталмыш акцияда І орынға Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Анастасия Карамышева ие болды.



Фестиваль аясында «Достығы шалқыған шаңырақ» этно-мәдени бірлестіктер көрмесі жиналғандар назарына ұсынылды.


Гүлжамал КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

Орал қаласы

Тегтер: Тіл – тұтастық туы
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

259 Ақпарат

АБАЙ ИНСТИТУТЫ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӨРЕЛІ ІСТЕР

222 Ақпарат

АЙТЫЛЫМ МЕН ЖАЗЫЛЫМ

208 Ақпарат

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ