БІР ТОП ЖАС ҒАЛЫМ МАРАПАТТАЛДЫ
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бір топ жас ғалымдары еліміздің білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы...

Бас директор Мақпал Жұмабай: «Ұлт ұстазы, қазақ лингвистикасының ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деген ұлағаты бүгінде ұлттың рухын көтерер орынды сөзге айналғанын уақыт дәлелдеп отыр. Еліміздің татулығы мен бірлігін, ынтымақтастығы мен елдігін арттыратын, елдігімізді паш ететін, жас ұрпақты патриотизмге баулитын Тіл мерекесі құтты болсын»,– дей келіп, жас ғалымдарға марапатты табыстады.
Баға беріңіз