Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара өтеді

2023 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан халқының тілдері күніне орай тақырыптық «дөңгелек үстел» ұйымдастырады. Республикалық іс-шараның мақ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 қыркүйек, 2023

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары мен сала мамандары, белгілі ғалымдар жан-жақты сараланған талдаулар жасайды. Сонымен қатар, қазақ тілінің ахуалы мен міндеттері талқыланбақшы.

Шара барысында «Аталардың аманатына адал болайық», «А.Байтұрсынұлы» және т.б. танымдық бейнероликтер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Іс-шараға онлайн форматта әкімдіктердің мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға жауапты құрылымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысады.


Өтетін орны: Астана қ., Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Өтетін уақыты: 15.00 сағат.

Байланыс телефондары: 8-705-150-49-94


Баға беріңіз