СЕМИНАР ӨТЕ ҚЫЗУ ӨТУДЕ

«Абай институтының» жетекшісі Айгүл Орманованың айтуынша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдердің арасында едәуір уақыт айырмашылығы бола тұра, қатысушылардың саны көп болды. Ресей, Польша, Моңғолия, Иран, Түркия, Франция, Аустрия, Мажарстан мен Өзбекстан мемлекеттерінен қатысушылар тыңдап қана қоймай, көкейде жүрген көп сауалдарына жауап алды, сондай-ақ кеңінен өзара тәжірибе алмасты.
Келелі бас қосудың бүгінгі тізгінін Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап А2 оқулығының авторы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлыгүл Дәулеткереева қолына алды.
Білікті ғалымның дәрісі «Қазақ тілін коммуникативтік тәсіл аясында оқытудың өзектілігі: заманауи оқулық сипаты» деген тақырыпқа арналды.
Семинардың соңғы күні арнайы сертификат табысталмақшы.
Баға беріңіз