Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

6.6.2023 941

2023 жылғы 7-9 маусым аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өңірлік Тілдерді оқыту орталықтарына арнап «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткізеді.

Тілдердіоқытуорталықтарыұсынатынқазақ тілі курстарының оқыту мазмұныақпараттартасқынының өзгеруіне байланысты үнемі дамып, жетіліп отырады. Коммуникативті құзырет түрлері ішінде мемлекеттік қызметшілер үшін сөйлеу іскерлігі маңызды орын алады.Ауызекі сөйлеу тілі жанрындашаршытоп алдында сөз сөйлеуқажеттілігі күннен-күнгеүлкен сұранысқа ие болып келеді.

Кеңес дәуірінен қалған стереотип: жаттанды сөздер мен үйреншікті ой тізбегін жиі тыңдайтынымызсоншалық, кейде сөйлеушінің алғашқы сөзінен келесі сөзін немесе ой ағымын алдын ала болжап отыруға болады.

Жақсы сөз сөйлеуді үйренуге бола ма, оны меңгерудің әдіс-тәсілдері бар ма?Қазақ тілінекіншітіл ретіндеүйренушілер өз пікірінаудиторияғақазақ тілінде еркін жеткізу үшін не істеуі керек? Бұл сұрақтарға үш күндік семинар барысында жауап алуға болады.

Онлайн шарада тіл үйрету орталықтарының оқытушылары шаршы топ алдында сөйлеуді үйретудің озық әдістерін меңгереді, алған білімдерін практикада қолдануды игереді.

Өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының оқытушы-әдіскерлері өзара тәжірибе алмасу арқылы әдістемелік біліктіліктерін арттырады.

Онлайн-семинардың спикері – танымал ғалым, әдіскер, КИМЕП унивесритетінің профессоры, ф.ғ.д. Ерназарова Зәуреш Шаршабекқызы.

Семинардың мазмұны қазіргі заман талаптарының өзегінен шығып отырғандықтан қатысушылардың сұранысын өтеп, бәскеге қабілеттіліктерін арттырады.

Тегтер:
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

258 Ақпарат

АБАЙ ИНСТИТУТЫ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӨРЕЛІ ІСТЕР

221 Ақпарат

АЙТЫЛЫМ МЕН ЖАЗЫЛЫМ

207 Ақпарат

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ