Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ ТАБЫЛДЫ

31.5.2023 924

Солтүстік қазақстандық тарихшылардың қолына ақын Мағжан Жұмабаевтың аудармашы болып қызмет атқарғанын растайтын құнды құжат тиді, деп хабарлайды «Хабар 24». Мамандар оны жуырда ғана Ресей мемлекеттік архивіне сұрау салып алдыртқан және ол «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясындағы форумда көпшіліктің назарына ұсынылды. Жылда ұйымдастырылатын шара бұл жолы саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тарихшылар мен сарапшылар алдымен Мағжанның кіндік қаны тамған Сарытомар ауылына барды. Ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұдан соң оның шығармашылығы мен өмірі жайлы сөз қозғап, әлі де оның зерттелмеген деректердің көп екендігін алға тартты.

  • Бір айдай ғана уақыт болған, Ресей мемлекеттік архивінен алынған құжат. Ол құжатта Мағжан, Әлихан Бөкейханов екеуі «центр издат» деп айтамыз, 1923-1927 жылдары Мәскеуде болған кезеңінде сол әдебиет және өнер институтында оқып ғана қоймай, қызметте жүргізген. Сол қызметтің бірі центр издатта аудармашы ретінде қызмет жасаған. Лениннің ақпаннан қазанға дейін еңбегін аударды. Сонымен қатар Максим Горькийдің «Буревестнике» өлеңін аударды. Всеволод Ивановтың шығармаларын аударды. Яғни, аудармашы ретінде қызмет жасағанын дәлелдейтін құжатқа куә болып отырмыз,-дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Шараға еліміздің әр өңірінен келген тарихшылар, сарапшылар, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысты. Сонымен қатар халықараралық сарапшылар онлайн режимінде қосылды.

Тегтер: АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ ТАБЫЛДЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

256 Ақпарат

АБАЙ ИНСТИТУТЫ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӨРЕЛІ ІСТЕР

220 Ақпарат

АЙТЫЛЫМ МЕН ЖАЗЫЛЫМ

204 Ақпарат

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ