ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ БЕЛСЕНДІЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

2023 жылғы 23 мамыр күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай атышулы «Белгісіз Қазақстан» блогының авторы ерлі-зайыпты Диас пен Әйге...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

23 мамыр, 2023

«Қазіргі жаһандану заманында ана тіліміздің болашағын жаңа технологияларсыз елестету еш мүмкін емес. Біздің қалауымыздан тыс, балалардың қолындағы гаджет жас ұрпақтың санасын қалыптастыруға кірісті. Баланың бойын билеген контент ойына да «әмір етіп», өз тілін үйренуге «мәжбүрлейді». Күнделікті өмірден көріп жүрген даусыз ақиқат осы. Сондықтан, қазақ тілін жаңа ақпараттық технологиялармен кіріктіру мәселесі аса үлкен маңызға ие»,– деді Мақпал Жұмабай.

Кездесу барысында ақпараттық технологиялар жүйесіндегі ана тіліміздің жәй-күйі сөз болып, болашақта әлемдік платформалардан лайықты орын алуы үшін қоғам болып бірлесе атқарар міндеттер төңірегінде пікір бөлісті.



Баға беріңіз