ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ

2023 жылғы 15 наурыз күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы Ж.Искакова Астана қаласы әкімдігінің «астана дарыны» дарынды балалар ме...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 наурыз, 2023

Шоқтығы биік шараға бұл жолы Елордадағы сегіз мектептің оқушылары қатысты.

«Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ғалым Нұрша Алжанбайқызының технологиясы бойынша өтетін бұл олимпиада дәстүрлі түрде халықаралық және басқа да әртүрлі деңгейлерде үзбей өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат, бірінші кезекте, ана тілімізде ойын толық жеткізе алатын, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, қазақтың тарихы мен мәдениетін терең меңгерген, рухы биік көптілді білімді тұлға қалыптастыру болғандықтан, қатысушыға қандай қиын болса, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын анықтау да оңай шаруа емес. Сондықтан қазылар құрамына оқу-ағарту саласының білікті басшылары мен білімді ұстаздары тартылады», дейді жас ғалым Жазира Мақсұтқызы.

«Ұлтқа қызмет қылу – білімнен емес, мінезден» деген екен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов. Ана тіліміз – алтын қазынамыз. Беделді байқауға қазылар құрамында қатысқан әріптесімізге құрмет білдіре отырып, бағын сынап жатқан барша жас талапкерге сәттілік тілейміз.


Баға беріңіз