ҰЛТ КӨСЕМІ – ӘЛИХАН

Tilalem.kz

Tilalem.kz

05 наурыз, 2023

Фотосуреттер мен құжаттар галереясы

1. Әлихан Бөкейханның кейіннен табылған суреті. Фото Ресейдің Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайының Орыс императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі қорында сақталып келген. Сурет табылған папкада фотоға «Алиханъ Букейхановъ. Павлодаръ, 1908» деген анықтама берілген. Суретті тауып, көшірмесін жариялаған – Сұлтанхан Аққұлы.

2. Сурет 1906 жылы түсірілген. Саясаткер 1866 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. Омбы және Санкт-Петербургте білім алған. Өткен ғасырдың басында Ресейдегі түрлі қозғалыстар мен партиялардың жұмысына араласып, тәжірибе жинайды.

3. «Алаш» қозғалысы мен Алашорда ұлттық территориялық автономиясының жетекшілері (солдан оңға қарай) Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатұлы. Әлихан Бөкейхан 1906 жылы бірінші мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақ құрылтайында «Алаш» автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейханов «Алашорда» автономиялық үкіметінің төрағасы болып сайланды.

4. Самар қаласындағы Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының мүшелері. Жоғарғы қатарда сол жақ шетте тұрған Әлихан Бөкейхан. Самар қаласы, 1915 немесе 1916 жыл.

5. XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының тобы. Бірінші қатарда қақ ортада ақ жейдемен отырған Әлихан Бөкейхан, оның сол жағындағы адам – Абайдың ұлы Тұрағұл, оның жанында отырған Жұбандық Болғанбаев. Екінші қатарда оң жақтан екінші тұрған Көкбай Жанатайұлы. Өзгелері белгісіз. Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан.

6. Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің (Халық Кеңесінің) мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы. Үшінші қатарда отырғандар: солдан оңға қарай бірінші – Ахмет Байтұрсынұлы, бір кісіден кейін басына ақ кепкі киген – Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан. Алаш, 1918 жыл. Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан.

7. Әлихан Бөкейхан, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясын бастап Алаш (Заречная Слободка, Семей) қаласына көшіп келген 1918 жылы. Бұл сурет Алашорда автономиясы үкіметінің топтық суретінен үлкейтіліп алынды. Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан.

8. Әлихан жиені Ескендірмен.

9. Мәскеу, 1935 жыл.

10. Әлихан Бөкейхан, Мәскеуде саяси қуғында жүрген жылдарында. Сұлтан Хан Аққұлының жеке мұрағатынан.

11. Әлихан Бөкейхан 1937 жылы 71 жасында Мәскеуде Сталиннің бұйрығымен атылды. Атылар алдындағы суреті. Бутырка түрмесі, Мәскеу, 1937 жыл.

12. Әлихан авторы әрі редакторы болған «Голос степи» газетінің 1907 жылы қаңтардың 13-і күні шыққан саны.

13. Әлихан Бөкейхан шығарған «Иртышъ» және «Омичъ» газеттері.

14. Самар губерниялық жандарм басқармасының жансыздардың бақылауында болған адамдарға толтырған іс құжаттарының мұқабасы.

15. Әлиханды бақылауда ұстаған Самар губерниялық жандарм басқармасы оны сыртынан «Асман» деген лақап атпен атаған.

16. Әлиханның Қазақстанға баруына қалай қарайтынын сұрап Сталиннің Голощекин мен Нұрмақовқа жолдаған жеделхатының қолжазбасы.

17. Әлиханды тұтқындау және пәтерінде тінту жүргізу туралы берілген ордер.

18. Әлихан 1937 жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырған анкета. Ресей ФСБ-ның мұрағатындағы құжат.

19.

20. Әлиханды ату жазасына кесу туралы СССР Жоғары Соты Әскери алқасының 1937 жылы қыркүйектің 27-сі күні шығарған үкімінің көшірмесі. Ресей ФСБ-ның мұрағатындағы құжат.

21.

22. Атуға кесілген Әлиханға қатысты үкімнің 1937 жылы қыркүйектің 27-і күні Мәскеу қаласында орындалғаны туралы құпия анықтама.

23. Әлихан Бөкейханның Петербордағы Императорлық орман институтын 1894 жылы тәмамдағаны туралы аттестат (диплом).

24. 1930-1942 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болғандар көмілген бауырластар моласындағы ескерткіш. Осында Әлихан Бөкейхан да жерленген. Дон зираты, Мәскеу, Ресей.


Фотосуреттер мен құжаттар www.azattyq.org сайтынан алынды


Баға беріңіз