БЕЙБАРЫС АТЫ – АСТАНА КӨШЕСІНДЕ

2023 жылғы 24 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, Астана қалалық ономастика комиссиясының мүшесі Е.Тілешов әлемге танымал қолбасшы, сұң...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

24 ақпан, 2023

Қасиетті жұма күні ашылған бұл шара – сол үлкен істің ізашары ғана.

«Тұлғаларға тағзым – тарих тағылымы. Бұл көше – ұзындығы екі шақырымнан асатын, алты жолақты, кең, қалада халық ең көп қатынайтын көшелердің бірі. Сондықтан, бабамыздың аты енді күн сайын адамдардың аузынан түспейтін болады», – дейді Ербол Ердембекұлы.

Өмір бойы жусанның исін аңсап өткен айбарлы да аяулы тұлғаның есімі жусанды дала төсіне көше болып оралғаны жиналған көпшіліктің көңілін толқытқаны рас. Асқақ рухқа бөленген жұртшылық аязды күн мен өткір өкпек желге қарамастан, қимастық сезіммен көпке дейін тарқамай тұрды.


Баға беріңіз