ТІЛ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Әділбекқызы тәжірибелі де білікті маман ретінде қазақ тілін үйретумен айн...

«Жақында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған Тұжырымдамасының» жобасы талқылауға шықты. Бұл мемлекеттілігімізді нығайтатын, рухымызды асқақтататын, елдігімізді айғақтайтын өміршең де өзекті құжат болады деген ойдамыз. Әмбеге аян бір ақиқат, халқымыздың ары да, бары да – тіл. Әсіресе, мемлекеттік тілге сұранысты қалыптастыра алсақ, мемлекеттік бағдарламаның мақсаты да, оны іске асыруға байланысты біздің ұмтылысымыз бен нақты нәтиже де бір арнада тоғысып, ана тіліміз төрге озар еді»,– дейді АйгүлӘділбекқызы.
Баға беріңіз