Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату ЕРЕЖЕСІ
Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 қараша, 2022

  • ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес, мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен олардың электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.
  • Ереже талаптарын мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуші авторлар, олардың үздіктерін анықтаушы сараптама комиссиясы мен электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырушылар, редакторлар мен корректорлар бұлжытпай орындауға міндетті.
  • ҰСЫНЫЛАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
    • Оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал – ересектер мен балаларға тіл үйрену үдерісінде және оқытушылар мен әдіскерлерге тіл үйрету үдерісінде қолданылатын жаңа технологиялар мен озық тәжірибелер негізінде дайындалған әдістемелік құрал.
    • Оқу-әдістемелік кешен – тіл үйренушінің білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқулық, оқу құралдарына ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы.
    • Әдістемелік нұсқаулық – тіл үйрету әдістемесініңмәселелері қамтылған және оқу-әдістемелік кешенді дұрыс қолдану тәсілдерін баяндайтын оқытушылар мен әдіскерлерге арналған жетекші құрал.
    • Әдістемелік жинақ – ғалымдардың, әдіскерлердің әдістеме тақырыбындағы еңбектері топтастырылған жинақ.
    • Жұмыс дәптері – тіл үйренушілерге арналған оқу құралының қосымша дәптері.
    • Мәтіндер жинағы – ересек тіл үйренушілерге арналған көркем, публицистикалық, танымдық мәтіндер жинағы.
    • Тілашарлар тіл үйрету мақсатында қолданылатын, белгілі бір лексикалық мазмұнды қамтитын балаларға, ересектерге, туристерге т.б. арналған екі, үш, көптілді тілашарлар.
    • Сөздіктер

  • ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ
  • Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ұсынылған оқу-әдістемелік құралдардың ішінен үздіктерін іріктеу үшін арнайы іріктеу комиссиясы құрылады.
  • Комиссия құрамына қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдар, тіл мамандары, әдіскерлер, қоғам қайраткерлері кіреді.
  • Комиссия құрамын Тіл саясаты комитеті бекітеді.
  • Іріктеу комиссиясының отырысы ұйымдастырылады.
  • Комиссия жұмысының нәтижесі жабық дауыс беру арқылы анықталады.
  • Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші дауысқа ие болады.
  • Ұсынылған еңбектермен танысу үшін комиссия мүшелеріне еңбектердің электрондық нұсқалары мен аннотациясы, ұсыныс хаттары алдын ала жолданады.
  • Комиссия жұмысы хаттама ретінде рәсімделеді, комиссия мүшелерінің пошталарына хаттама жобасы жолданады, келісім болған соң қағаз күйінде шығарылып, қолдары қойылады.
  • Іріктеу комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өнімдерін ұсына алмайды.
  • Бұрын жарық көрген өнімдер қабылданбайды.
  • ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
    • Ұсынылған еңбектер Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына, индикторларына және осы ереженің 2-ші тармағына сай болуы қажет.
    • Еңбектердің мазмұны еліміздегі тіл саясатына, қоғамдық этикаға, моральдық талаптарға сай болуы тиіс.
    • Ғылыми-әдістемелік құралдар мемлекеттік тілді үйрету әдістемесін жетілдіру немесе тілдерді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну бағытында дайындалған болуы керек.
    • Әдістемелік құралдар қазақ тілін үйретудің қазіргі заманауи талаптарына сәйкес болуы қажет.
    • Ұсынылған еңбек бұрын мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрмеген болуы керек.
    • Ұсынылған еңбектерді сараптама барысында жаңашылдығына, заманауи технологияны қолдану деңгейіне басымдық беріледі.
    • Ұсынылған еңбектерге міндетті түрде сол сала бойынша 2 (екі) ғалымның пікірі болуы керек.
    • Ұсынылған еңбектердің мазмұнының дәлдігіне, тілдік сауаттылығына және деректердің растығына авторлар жауап береді.
    • Іріктеу комиссиясы мақұлдаған еңбектің ҚР Әділет министрлігі тарапынан берілетін авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болуы тиіс, авторлық құқық алу өнім берушінің жауапкершілігінде.
    • Еңбектерді сараптама барысында қазақ тілін үйрету барысында қажеттілігі мен тиімділігі негізделген жағдайда облыстық тілдерді оқыту орталықтарының ұсыныстарына басымдылық берілетін болады.
    • Іріктеуден өтпеген өнімдер қайта қарауға және талқылауға жатпайды (өтпегені туралы анықтама немесе негіздеме берілмейді).
  • ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
    • Орталықтың tilalemi.kz сайтында және «Тіл-қазына» ұлттық орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында осы ереже орналастырылады.
    • Өнімдер мына электрондық мекенжайға жіберіледі: tilortalyk@mail.ru
    • Өтінімдер 2022 жылдың 25 қарашасынан бастап осы жылғы 4 желтоқсанға дейін қабылданады.
    • Өтінімге төмендегі материалдар қоса беріледі:
  • ӨТІНІМ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР МЫНА ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАРАЛМАЙ, КЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
    • Көрсетілген мерзімінен кеш ұсынылған еңбектер.
    • Осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер.
    • Құжаттар тізімі толық тапсырылмаған жағдайда.

Іріктеу комиссиясы мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде келесі әдістемелік еңбектерді қарастырады.

Байланыс телефоны:

44-88-68

+7 701 318 48 18

  • Осы ереженің 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылған өтініш;
  • Осы ереженің 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылған өнім туралы анықтама;
  • Ұсынылған өнім А4 форматында, Times New Roman қаріп түрімен, №14 өлшеммен, «бірлік» жол аралығымен терілген еңбектер электронды нұсқада PDF форматында (CD диск) ұсынылып, авторлары, жетекші ұйымдары көрсетіледі;
  • Өнімнің мазмұнына сәйкес аудио және бейне нұсқалары немесе мультимедиялық қосымшалары болған жағдайда әдебиетпен біргеұсынылады.

1 қосымша

«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»

ұлттық ғылыми-практикалықорталығы»КеАҚ Басдиректоры

Е.Тілешовке

кімнен___________________________

__________________________

__________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; тұрғылықты мекенжайы немесе заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

Өтінім

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату бойынша келесі өнімді қарастыруды сұраймын:

________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________.

(автордың тегі, аты, әкесінің аты, еңбектің атауы, тілі, шартты баспа табақтағы көлемі, бояуы, қысқаша мазмұны)

Өтінімге қоса берілген құжаттар тізімі:

1.

2.

3.

4.

____________________

(жеке тұлғаның қолы немесе

заңды тұлғаның атауы)Мөр орны

(болған жағдайда)

Өтінім беру күні «» __________20__жыл

2 қосымша

Өтінімді рәсімдеу

Өнімнің атауы

Аннотациясы

Форматы, бояуы, көлемі (шартты баспа табақ)

Авторы

1


Баға беріңіз