ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Ақтөбе облысының Тілдерді оқыту орталығы директоры Клара Сергазина, орталықтың әдіскері Гүлсайран Төлегенова және оқытушы Ақмарал Нұржанова ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

24 қараша, 2022

Семинар барысында жаңа әліпбидің қажеттілігі мен маңыздылығы, ерекшеліктері мен емле ережелері туралы ақпараттар беріп, латын әліпбиіне көшудің кезеңдері туралы түсіндіріп, бейнероликтер көрсетті. Сонымен қатар қатысушы қызметкерлер оқу-жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қызықты да танымдық тапсырмалар орындады. Шара соңында сот қызметкерлері көкейкесті сұрақтарына жауап берілді.

«Латын әліпбиіне көшу жайында халық көкейіндегі екіұдай пікірдің бірлікке келуі үшінбұндай шараларды өткізу өте маңызды. Себебі әліпби ауыстыру барысы өте күрделі процес. Қоғамның әр сатысы жаңа әліпбиге алдын-ала дайын болуы керек. Ол үшін ең алдымен латын әліпбиінің маңызы мен артықшылықтарын түсінуі тиіс»,-дейді Ақтөбе облысы тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Хакімғалиқызы.


Баға беріңіз