АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ МАТЕРИАЛДАР ТАБЫЛДЫ

Биыл ЮНЕСКО аясында мерекеленіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы 16 қараша күні Түркістан қаласында жалғасады. Халықаралық түркітанушылар конгресінің бағдарламасына сәйкес Түркия, Әзірбайжа...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 қараша, 2022

Ресей, Өзбекстан, Татарстан елдерінің архивтерінде жүргізілген бұл іздестіру жұмыстары барысында Алаш қайраткерлеріне қатысты тың деректер, құжаттар мен фотокөшірмелер табылғанын атап өткен жөн.

Мәселен, Н.П. Анненкова-Бернардың А. Байтұрсынұлына арнаған «Бекет» пьесасы және төтемен жазылған шығармалар, Алаш қайраткері М. Саматұлының редакциялығымен Мәскеуде 1936 жылы жарық көрген «Казахстан в цифрах» (Краткий статистический справочник за 1920-1936 гг) еңбегі, Д. Ысқақұлының аудармалары, «Учебник казахского языка для русских школ (7-8 класс)/ Orьs mektepterine qazaq tili – oquvlьqь. 7-8 kilas ycin» оқу құралы, сол уақыттағы қазақ мәдениеті мен өміріне, тұрмыс-тіршілігіне, тарихына қатысты басқа да материалдар табылды Тіл саясаты комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мерейтой аясында биыл «Қазпошта» АҚ мерейтойлық 2 миллион пошта маркаларын әзірлеп, қолданысқа шығарса, Ұлттық банкі «AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Номиналы 100 және 500 теңге монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастыратынын атап өткен жөн.

Бүгінгі күні 1 ауыл, 203 құрамдас бөлік, 37 мектеп, 1 музей, 1 гүлзар ұлт ұстазының есімімен аталады.

Баға беріңіз