Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҰЛТ ҰСТАЗЫ АҚТӨБЕДЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

11.11.2022 556
2022 жылғы 10 қарашада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Редакциялық баспа басқармасының басшысы Д.Құсайынов Ақтөбе қалалық тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Адал сөз бен тұғырлы тіл тұлғасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Арайлы Ақтөбе жерінде өткен бұл іс-шара ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды. Бір ерекшелігі, өңірдің белгілі өлкетанушыларымен бірге, жоғары оқу орындарының студенттері, әсіресе, жастар көптеп қатысты. Олар, өз кезегінде, зейінді де зерделі тыңдаушы болып қана қоймай, ұлы тұлғаның есімі ұрпақтан ұрпаққа жалғастырудың бірінші алғышарты ана тілімізді асқақтау болып табылатынын айтып, осы орайда өз өмірлерінде кездесіп жүрген түйткілді мәселелер туралы өткір пікірлерін ортаға салды.

Күн тәртібіндегі мәселе төңірегінде қызу талқылау жасады.


Республикалық бас қосу барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Назира Серікқызы Әміржанова «Ұлт жазуының ұлы реформаторы» атты баяндама жасады. Атынан көрініп тұрғандай, әңгіме қазақ жазуының арғы-бергісі жөнінде өрбіп, әлемге таңдай қақтырған ұлт ұстазының таңғажайып еңбегі талданды.

Бұдан кейін мінбеге Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәбира Сағынбекқызы Исакова көтерілді. Мемлекеттік терминологиялық комиссиясының мүшесі, белгілі ғалым «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы» туралы терең сөз қозғады.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік унисерситетінің аға оқытушысы, Рhd докторанты Гүлнәр Сәдуақасқызы Обаева «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасы» жайында кеңінен әңгімеледі.

Конференция соңы секциялық жұмыстарға ұласты.
Тегтер: Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

279 Ақпарат

АБЫЗ АҚСАҚАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

148 Ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ

539 Ақпарат

АСТАНАДАҒЫ ТҰСАУКЕСЕР ЕРЕКШЕ ЕСТЕ ҚАЛДЫ