Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

31.10.2022 566
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқау өз мәресіне жетті. Байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен студент, магистранттардан бастап ғылым докторы, аудармашы, іс жүргізуші, мұғалімдер және т.б. саладан әр түрлі жастағы азаматтар қатысты. Байқау төрт кезең бойынша өткізілді, қазылар алқасының шешімінен кейін келесі кезеңге қатысатын үміткерлер іріктеліп отырды.

«Термин талқы» деп аталатын бірінші кезеңде байқауға 26 қатысушы ниет білдірді. Оларға «Теrmincоm.kz» сайтындағы «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына тіркеліп, «Сауалнамалар» бөлімінде орыс тілінде ұсынылған 15 терминнің бірнеше қазақша баламасының ішіненбіреуін таңдап, дауыс беру және не себептен сол нұсқаны таңдағандығын түсіндіріп, басқарманың электрондық поштасына жолдау тапсырмасы ұсынылды.

«Терминдер сөйлейді» деп аталатын екінші кезеңде қатысушыларға бизнес саласындағы шеттілдік 15 термин ұсынылды; үміткер осы тізбедегі терминдерді таңдап, қазақша баламаларын, оның ғылыми анықтамаларын, этимологиясын және дереккөздерін көрсетуге тиісті болды.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталатын үшінші кезеңде үміткерлер «Ырысты өлке», «Берекелі ауыл», «Бір кәсіппен мың нәсіпке», «Алтын сапа» сыйлығы менің қолымда», «Қалауын тапса, қар жанар», «Әлемдік тренд және қазақы нақыш», «Бизнестің көк бөрісі»тақырыптарының бірін Wordwall сервисінде жасалған ұяшықтарды таңдай отырып, ұсынылған тақырыптардың біріне Jamboard онлайн тақтасында эссе жазды. Жазылған эсселер PDF форматында сақталып, қазылар алқасына бағалауға жіберілді.

«Терминтүзер» деп аталатын төртінші кезеңде байқауға қатысушылар бизнес саласында қате қолданылып жүрген терминдерді өздері анықтап, оның тізбесін беру және дұрыс баламасымен дәлелдеу керек болды. Терминдерді ұсыну және талдау кезінде төмендегі критерийлерді ескеру талаптары қойылды: терминнің терминжасам әдістеріне сәйкестігі; терминнің лингвистикалық нормаларға (лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық) сәйкестігі; терминнің қазақ халқының дүниетанымдық, мәдени болмысын танытуға уәжді қызмет ету деңгейі; салалық терминнің дефинициясының ашылуы; терминнің сөз тіркестерінен емес, мүмкіндігінше жеке сөздерден жасалуы; бизнес саласындағы қолданыс деңгейінің жоғары болу ықтималдығы; Теrmincом.kz сайтындағы бекітілген терминдер есепке алынбайтындығы.

Байқаудың соңғы нәтижесі бойынша 10 қатысушы жеңімпаз ретінде анықталды. Өткізілген іс-шараның марапаттау рәсімі салтанатты түрде Астана қаласында қарашаның 2-сі күні Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының конференц залында өткізіледі.

Тегтер: Республикалық байқау
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

373 Ақпарат

АБЫЗ АҚСАҚАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

209 Ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ

634 Ақпарат

АСТАНАДАҒЫ ТҰСАУКЕСЕР ЕРЕКШЕ ЕСТЕ ҚАЛДЫ