Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚАСИЕТТІ ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨТКЕН ШАРА

8.9.2022 316
2022 жылғы 7 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл – руханият тірегі» республикалық конференциясының жұмысына қатысты. Шараға арнайы барған Орталықтың ресми өкілі Д.Құсайынов қатысушыларды Бас директор Е.Тілешовтің атынан қызу құттықтап, «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы һәм көсемі» деген тақырыбында баяндама жасады.

Ұлы тұлға туған топырақтан әдейілеп келген А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық «Ұстаз жолы: Қостанай-Омбы-Қарқаралы» тақырыбында тың деректермен әңгімелесе,М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті басқарма төрағасы-ректордың кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Ыбыраева «Ахмет Байтұрсынұлы және ағартушылық мәселелері» төңірегінде ой қозғады.

Облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов қазіргі қазақ жастарының ана тілімен бірге, шет тілдерінде ойын еркін білдіре алатынын мақтаныш тұтатынын айтты. Бұдан кейін мінбеге көтерілген халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыру және кадр бөлімінің басшысы Болат Жексенғалиев «Ахмет Байтұрсынұлы қисыны және қазақ жазуы реформасының өзекті мәселелері» туралы жүрекжарды пікірін білдірді. Бас қосу барысында тың ой, ұтымды ұсыныстар аз айтылған жоқ. Мәселен, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова ұлт ұстазы қызметінің архивтік деректерден көрініс табуы хақында сөз өрбітсе, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұқамеджанов «Алаштың ұлтқа қызмет ету үлгісін» бүгінгі күнмен байланыстырып, тұжырымды талдау жасады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Владимир Витченко адамдарды жақындастырудағы тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қоғамдық рөліне тоқталды.

Конференция соңында бір топ тіл жанашырлары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Қасиетті Қызылжар жеріндегі «Абылай ханның резиденциясы» мұражай-кешеніне саяхат ұйымдастырылды.

Тегтер: Тіл – руханият тірегі
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

101

ақпарат

ТАР ТАЛАСЫП ТОЗАР, КЕҢ КЕҢЕСІП ОЗАР

92

ақпарат

ЕЛОРДАДА «ОЙ КӨКПАР» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

160

ақпарат

БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ