«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ АНОНСЫ / ПРЕСС-АНОНС РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЯЗЫК И СМИ»

2022 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт ұстаз...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 қыркүйек, 2022

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын БАҚ-та насихаттау, тілді насихаттаудың, үйретудің және заманауи технологияларды қолданудың тиімді тәсілдерін тарату, тіл тақырыбында жазып жүрген журналистерді ынталандыру.

Конкурс үш номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік теле және радиобағдарлама»;

3) «Үздік сайт мақаласы».

Конкурсқа кәсіби журналистер (штаттағы және штаттан тыс), теле-радио, газет, сайт ұжымдары, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары қатысты.

Қатысушылардан еліміздегі және шетелдердегі ақпараттық кеңістіктегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған қазақ тілін дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының тілтану, әдебиеттану салаларын дамыту жөніндегі ғылыми, шығармашылық мұрасының қазіргі қазақ тілтану, әдебиеттану салаларымен сабақтастығы жөніндегі материалдарқабылданды.

Биылғы сайысқа 75 үміткерден 153 материал келіп түсті.

Конкурсқа ұсынылған еңбектерге есімдері елімізге кеңінен танымал тіл ғалымдары мен журналистер қазылық етіп, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады. Байқаудың қорытындысында«Үздік мақала», «Үздік теле және радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша озық деп танылғандар марапатталады.

Бас жүлде иегері 1 000 000 теңгеге ие болады.

Шараға зиялы қауым және БАҚ өкілдері, байқаудың жеңімпаздары менөнер адамдары қатысады.

Басталуы: Сағ.16.00.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50,

Қазақ ұлттық өнер университеті «Шабыт» шығармашылық сарайы

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-71-33,

8-705-150-49-94




5 сентября 2022 года Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан и Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова в рамках 150-летнего юбилея учителя нации Ахмета Байтурсынова проведут торжественную церемонию награждения республиканского конкурса «Государственный язык и СМИ».

Главная цель проведения конкурса - увеличение казахоязычного контента и расширение сферы применения государственного языка, пропаганда государственной языковой политики в средствах массовой информации, преподавания и применения современных технологий, модернизация сознания соотечественников через статьи, программы журналистов, освещающих языковые проблемы.

Конкурс состоит из трех номинаций:

1) «Лучшая статья»;

2) «Лучшая теле и радиопрограмма)»;

3) «Лучшая статья сайта».

В конкурсе приняли участие профессиональные журналисты (штатные и внештатные), телевидения и радио, газет, сайтов, ученые факультетов журналистики и филологии.

От участников были приняты материалы по развитию и расширению сферы применения государственного языка, опубликованные в средствах массовой информации нашей страны и за рубежом, также на тему преемственности научного, творческого вклада великого ученого Ахмета Байтурсынова в языкознание и литературоведение, и его влияние на современное состояние этих отраслей.

В этом году на конкурс поступило 153 материала от 75 претендентов-участников.

Победители конкурса были определены известными учеными-языковедами и журналистами. По итогам конкурса будут награждены лучшие в номинациях «Лучшая статья», «лучшая теле и радиопрограмма», «Лучшая статья сайта».

Обладатель Гран-При получит 1 000 000 тенге.

В мероприятии примут участие представители интеллигенции и СМИ, победители конкурса.

Начало: в 16:00

Место проведения: город Нур-Султан, проспект Тәуелсіздік 50, Казахский национальный университет искусств «Шабыт»

Контактные телефоны: 8 (7172) 27-71-33,

8-705-150-49-94


Баға беріңіз