АЛМАТЫЛЫҚ ҰСТАЗДАРҒА ІТ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2022 жылғы 26 тамызда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы онлайн режімде Алматы қалалық орта...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

26 тамыз, 2022

«Біздің ІТ жобалар қазақ тілін оқып, үйретуге арналған заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген, сонымен бірге сауатты жазуға және сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануға бағыттайды. «Sozdikqor.kz» платформасы, қазақ тілін деңгейлі оқытуға арналған Tilqural.kz веб-сервис қызметі, дұрыс жазуға көмекші құрал «Emle.kz» сайты мен терминологиялық қордың біріздендірілген жинағы «Termincom.kz» сайты үлкен сұранысқа ие»,– деді Мөлдір Бақытқызы таныстырылым барысында.

Алматы қаласындағы №174 мектеп-гимназиясында өткен орта білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің сессия жұмысына Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы оқу ісі жөніндегі бөлімнің әдіскері С.Зәкариянова жетекшілік жасады.


Баға беріңіз