МӘСКЕУГЕ ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2022 жылғы 27 маусым-2 шілде аралығында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов Мәскеуге ғылыми экспедиция құрамын...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 шілде, 2022

Алдын ала жоспарлау мен өзара келісімнің арқасында 7 млн астам қоры бар үлкен мекемеден 16 құжатқа тапсырыс берілді. Олардың көлемі әртүрлі, 200 бетке дейін барып қалатындары да бар. Бірден айтайын, олжамыз аз емес. Бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген тың мәліметтер табылып жатыр. Кейін экспедиция қорытындысымен жарық көретін жинақта жарияланады», – дейді Ербол Ердембекұлы.

Естіген адамның көңілін толқытарлық тағы бір сәт. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың 15 жыл тұрған үйі жанында естелік суретке түскен екен. Үшінші қабаттағы терезе сол тарихи кезеңнің куәсіндей күнге шағылысып, қиялыңды көкке өрлетеді.

Бұдан басқа Хамовникийдегі Л.Толстой музей-үйіне бас сұғыпты.

Ғылыми экспедицияның басқа мемлекеттер мен Ресейдің Қазан, Санкт-Петербург, Орынбор, Омбы, Троицк секілді қалаларына сапар туралы сауалымызға: «Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, Ресейдің бірқатар қалаларында жұмыс жүріп жатыр, ал еліміздің белгілі ғалымдары қатысатын ғылым жорығы жуық арада өз жалғасын табады», – деген жауап алдық.

Сәт-сапар тілейміз!


Баға беріңіз