Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ТАБЫСТЫ ӨТТІ

30.6.2022 315
2022 жылғы 30 маусым күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының басшысы, жас ғалым Мөлдір Бақытқызы «Қазпошта» Акционерлік қоғамы орталық басқару аппараты мен өңірлердегі барлық филиалдарының өкілдеріне қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ІТ жобаларды таныстырды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты Комитеті тапсырысымен өткен шараға 340 адам қатысты.

«Инстаграм» парақшасындағы «Qazaq Grammar» желісі ел көлеміндегі қазақ тілін оқытумен айналысатын жобалар жөнінде сауалнама жүргізген екен. Сан мыңдаған оқырмандардың таңдауы бойынша біздің бес бірдей жобамыз – «Sozdik.kz», «Sozdikqor.kz», «Tilqural.kz», «Emle.kz», «Тermincom.kz» сайттары алғашқы үздік бестікке енді», – дейді Мөлдір Бақытқызы.

Оның айтуынша, Орталық ұсынып отырған 12 жоба – қазақ тілін үйренушілерге таптырмайтын көмекші құрал. Олар арқылы ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын игеруге талаптанғандардың талай олжаға кенелері хақ. Мәселен,«Көсегең көгерсін» дегенді, әсіресе, жиын-тойларда жастарға арнаған тілек арасынан жиі естиміз. Ал осы сөз өз орнында дұрыс қолданылып жүр ме? «Sozdikqor.kz» кіріп мағынасын іздей бастасаңыз, санаулы секундтардың ішінде жиырмадан астам нәтиже алдыңыздан шыға келеді. «Көсеге» –қыздың шымылдық ішіндегі төсек-орны.

Дәріс барысында қазақ тілін өздігімен үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute» сайттары, тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Qazcorpora.kz» сайттары, барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» және ономастикалық «Atau.kz» сайттары туралы жеке-жеке сөз болды.

Іс-шараға қатысушылар ерекше ықыласпен тыңдап, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға деген құлшыныс танытты.

Тегтер:
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

322

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ

878

ақпарат

БАЙҚАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

378

ақпарат

ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА