Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

16.6.2022 778
Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері арасында ұйымдастырылған «Талап. Еңбек. Терең ой» атты облыстық интеллектуалдық байқауының жеңімпаздары анықталды. Аталған байқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы, Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай өткізілді. Байқау мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға деген өзіндік үлесін айқындау, отансүйгіштікке баулу.

Байқау қатысушылары«Кім жылдам?» іріктеу кезеңіне қатысты. Іріктеу кезеңінен жоғары ұпай жинаған 15 қатысушы негізгі бөлімге жолдама алды. Негізгі бөлімінде «Сіз білесіз бе?», «Тарих тағылымы» және «Ақтөбе ономастикасы» кезеңдері бойынша бақ сынады.

Байқауға Ақтөбе қаласының әкімдігі мен Ақтөбе облыстық әкімдігінің мамандары, сондай – ақ, Әйтеке би, Байғанин, Қобда, Мұғалжар, Мәртөк, Ойыл, Темір, Шалқар, Ырғыз, Хромтау, Қарғалы аудандық әкімдіктерінің мамандары және орталық атқарушы органдардың Ақтөбе облысы бойынша инспекциясы мен департаменттерінен барлығы 25 мемлекеттік қызметші қатысып,байқау жеңімпаздары анықталды:

І дәрежелі диплом - МақсатАбекенов - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе бойынша департаментінің бас маманы;

ІІ дәрежелі диплом - Айбар Оразалин - Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының жетекші маманы;

ІІІ дәрежелі диплом - Айдана Кудайбергенова - Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы;

Арнайы жүлде - Бекжан Курпебаев - Байғанин ауданы әкімі аппаратының бас маманы;

Арнайы жүлде - Жазира Бақытжанова - Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Роман Рахиұлының арнайы сыйлығына Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Асхат Арыстанбаев ие болды.

Мемлекеттік қызметшілер қашанда ұтқыр шешім қабылдап, ел игілігін көркейтуге тың серпіліс жасай білулері маңызды. Талап. Еңбек. Терең ойбиіктерді еңсеріп, сапалы қызмет көрсетуге бастайтын жол. Істеріңізге сәттілік жеңімпаз қызметшілер.


Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызы

«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ

«Тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері

Тегтер: байқау
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

174 Ақпарат

«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2023» КОНКУРСЫ ӨТТІ

197 Ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

193 Ақпарат

ЖЕТІСУДАҒЫ РЕСПУЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ