Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕКІГЕ БӨЛІНДІ

13.6.2022 994
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру

саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленетіні айтылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін, — делінген Ақорда сайтында.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: Білім және ғылым
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

128 Ақпарат

САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

135 Ақпарат

Сарғайған газет шежіресі: «Егемендік алдымен тілге берілсін»

203 Ақпарат

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ