ҚАРАЛЫ КҮНДЕР ҚАЙТАЛАНБАСЫН!

31 мамыр саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі алаштанушы ғалым ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

31 мамыр, 2022

«Адам баласы күнде сыналмайды. Сондықтан, жаныңда жүрсе, жүрекжұтқан батырлығын байқай бермеуің де мүмкін. Ал, ел басына күн туғанда ұлтының қамы мен ұрпағының болашағы үшін төтелеп келген ажалдан қаймықпай, сөзін айта білген, адал махаббатын сақтап, іс-әрекетін қорғай білгеннің бәрі Батыр»,– деді Ербол Ердембекұлы.

Сапар аяқталып жұртшылық сыртқа шыққанда, қара дауыл зұлматтың салқынына ұрынып, күзгі қыр секілді солғандардың көз жасындай жаңа ғана төгіп-төгіп өткен жауыннан кейін ұйтқи соққан долы желден алаңдағы биік көк байрағымыз ерекше көсіле желпініп тұр еді.

«Қаралы күндер, қансыраған жаралы жылдар, еңсені жаншыған қайғылы сәттер қайталанбасыншы!» – десті айрықша толқыныс үстінде тұрған бәрі.


Баға беріңіз