Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

23.5.2022 227
2022 жылғы 23 мамырда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология басқармасы лингвистикалық сараптамашылар тобына арнап онлайн режимде семинар-кеңес ұйымдастырды.

Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетейік, бекітуге ұсынылған терминдер «Терминком кз.» сайтындағы Алаңда ілінеді. Бұдан бұрын арнаулы мамандардың талқысына түсіп, лингвистикалық сараптамадан өтеді. Сондықтан сараптама орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық және техникалық жағынан сауатты орындалуы талап етіледі. Әдетте, сараптамашылар терминге балама ұсыну барысында 30 томдық салалық және балама терминологиялық сөздіктерді, түсіндірме, синонимдер және т.б. сөздіктерді пайдаланады.

«Жалпы сараптама жасау бір-бірімен тығыз байланысты бес бөлімнен тұрады. Сараптама жасауда үлкен ізденісті қажет ететін нәрсе, ол – терминдердің дефинициясын ашу. Дефиницияны іздегенде, терминді жазған соң міндетті түрде саласын көрсетіп іздеу керек. Өйткені ол термин басқа салада басқа анықтамамен, яғни дефинициямен берілуі мүмкін. Терминнің этимологиясы осы дефинициямен бірге беріледі» деді басқарма басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Дәуітбекқызы.

Семинар барысында сараптамашылар тобы өз тәжірибелерімен бөлісті. Ұсыныс-пікірлер айтылды, атап айтқанда, сараптама сапасын арттыру үшін лингвистикалық талдау жұмыстарының құрылымын өзгерту жөнінде мәселе көтерілді. Шара сұрақ-жауап түрінде жалғасты.

Тегтер: Сараптамашылар семинар кеңесі, терминология
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

149

ақпарат

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ

196

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒА

247

ақпарат

АХАҢНЫҢ АРУАҒЫНА АРНАЛДЫ